Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Технологтарға арналған математика І
Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог
Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог
Астана 2012
Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны
бет
|
|
|
1.
|
Түсіндірме жазба
|
260
|
2.
|
Курстың мазмұны
|
261
|
3.
|
Оқыту әдістері
|
264
|
4.
|
Оқыту ресурстары
|
264
|
5.
|
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
264
|
6.
|
Курсты бағалау жүйесі
|
264
|
Түсіндірме жазба
Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)
«Технологтарға арналған математика I» пәні студенттерге дифференциалдық және интегралдық есептеулер технологиялық және ғылыми есептерді шығару кезінде көмектеседі. Қосымшалар сызықтық қозғалысты, қисық астындағы ауданды, жұмысты, гидростатикалық қысымды тағы басқаларын есептеуге мүмкіндік береді.
Модульдердің жалпы саны: 12
Сағат саны: 75
Кредиттер саны: 3.0
«Технологтарға арналған математика I» эксперименталдi бiлiм беретiн пәннiң бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.
Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.
Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде лекцияларын, сыныптағы талқылауын, компьютердегі презентациясын, тәуелсіз оқытуын, басқару нұсқауын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.
Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.
«Түнбаның түзілуі және стратиграфия» пән арасындағы пәнаралық байланыстардың мысалы арқасында студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.
2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Шектер
Оқытудың нәтижесі:
Шектерді түсіну және олардың сандық мәндерін таба білу.
Модуль тапсырмалары:
1.1 Функцияның үздіксіздігін анықта.
1.2 Қарапайым шектерді алгебралық тәсілмен шектің белгіленуі арқылы табу.
1.3 Қарапайым шектерді графиктік тәсілмен табу.
1.4 Ерекше шектерді арнайы әдістермен табу.
Модуль 2. Туынды негіздері
Оқудың нәтижесі:
Орташа жылдамдықтың өзгерісін, қисыққа жанаманың көлбеулігін, алгебралық өрнектің туындысын туындыны іздеу тәсілмен табу. Туындыны лездік жылдамдықтың өзгерісі ретінде табу.
Модуль тапсырмалары:
2.1 Қисыққа жанаманың көлбеулігін анықтау.
2.2 Орташа жылдамдықтың өзгерісін анықтау.
2.3 Лездік жылдамдықтың өзгерісін анықтау.
2.4 Алгебралық өрнектің туындысын туындыны іздеу тәсілмен табу.
Модуль 3. Туынды формулалар
Оқытудың нәтижесі:
Дифференциациялаудың ережелері мен негізгі формулаларын қолданып, көпмүшелікті диффиренциациялау.
Модуль тапсырмалары:
3.1 Дәрежелік заң бойынша көпмүшеліктің туындысын табу.
3.2 Көбейту және бөлу ережелері бойынша көпмүшеліктің туындысын табу.
3.3 Тізбекті ереже бойынша дәрежелік функцияның туындысын табу а.
3.4 Жоғары дәрежелі функцияның туындысын табу.
Модуль 4. Туындылар мен олардың қолданылулары
Оқудың нәтижесі:
Тәуелді айнымалы анық күйде көрінбей тұрған жағдай үшін функцияның дифференциалдық әдісін қолдану. Математикалық қосымшалар мен қолданбалы практикалық есептер үшін туындыны қолдану.
Модуль тапсырмалары:
4.1 Қолданбалы есептерді шығару.
4.2 Жанамаға немесе түзу сызыққа көлбеулікті есептеу.
4.3 Жанамаға немесе түзу сызыққа көлбеулік теңдеулерін шешу вой.
4.4 Айқын емес функцияның туындысын табу.
Модуль 5. Қисық сызықтарды салудағы туынды және дифференциал
Оқудың нәтижесі:
Туындылары арқылы қисық сызықтарды салу тәсілін қолдану. Дифференциал және оны есептер шығаруда қолдану.
Модуль тапсырмалары:
5.1 Кризистік нүктелерді табу.
5.2 Функцияның максимум және минимум нүктелерін табу.
5.3 Функцияның майысу нүктелерін табу.
5.4 Максимум, минимум және майысу нүктелері арқылы қисықты салу.
5.5 Функцияның дифференциалдық түрін табу.
5.6 Қарапайым дифференциалдық есептерді шығару, мысалы қателік шамасын бағалау және сызықтық аппроксимация.
Модуль 6. Минимум мен максимумға арналған қолданбалы есептер
Оқытудың нәтижесі:
Максимум мен минимумға арналған қолданбалы есептерді шығару үшін туынды қолдану.
Модуль тапсырмалары:
6.1 Максимум мен минимумға және ауданды табуға арналған есептерді шығару.
6.2 Максимум мен минимумға және көлемді табуға арналған есептерді шығару.
6.3 Максимум мен минимумға және шығынды табуға арналған есептерді шығару.
6.4 Максимум мен минимумға және электрлік параметрлерді өлшеу мен тестілеуге арналған есептерді шығару.
6.5 Максимал және минимал шамаларға арналған өзге техникалық қолданбалы есептерді шығару.
Модуль 7. Туындыны қолдана отырып қозғалысқа шығарылатын есептер
Оқытудың нәтижесі:
Сызықтық жылдамдық пен үдеуді, сызықтық емес жылдамдық пен үдеуді және жылдамдықпен байланысты есептерді шығаруда туындыны қолдану.
Модуль тапсырмалары:
7.1 Сызықтық жылдамдықпен байланысты есептерді шығару.
7.2 Сызықтық үдеумен байланысты есептерді шығару.
7.3 Қисық сызықты қозғалысқа есептер шығару.
7.4 Жылдамдықпен байланысты есептер шығару.
Модуль 8. Интеграл және интегралдау
Оқытудың нәтижесі:
х дәрежесіне және х функциясының дәрежесіне интегралдауды қолдану.
Модуль тапсырмалары:
8.1 Функцияның алғашқысын анықтау.
8.2 Бірмүшеліктің жалпы интегралын табу, f(х) dх түріндегі интегралды табу, мұндағы f(x) – бірден көп құраушыдан тұруы мүмкін.
Модуль 9. Интегралдау жайлы толығырақ
Оқудың нәтижесі:
Интегралдардың түрлерін танып, анықтай білулері керек: анықталмаған интеграл, анықталған интеграл және дербес интеграл. Қисықтың теңдеуін анықтау үшін интегралдау амалын қолдану.
Модуль тапсырмалары:
9.1 Интегралдау тұрақтысын анықтау.
9.2 Қисықтағы берілген нүкте бойынша қисықтың теңдеуін анықтау.
9.3 Анықталған интегралды табу.
9.4Трапеция формуласын қолдану арқылы анықталған интегралды жақындату.
Модуль 10. Анықталмаған интегралды қолдану
Оқудың нәтижесі:
Орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу т.б. қолданбалы есептерді шығару. Электрлік параметрлерді өлшеулер мен тестілеуге берілген әр түрлі есептерді шығару.
Модуль тапсырмалары:
10.1 Жылдамдық пен орын ауыстырудың құраушыларын табу.
10.2 Баллистикалық қозғалыспен байланысқан қолданбалы есептерді шығару.
10.3 Техникалық сипаттағы әр түрлі есептерді шығару.
10.4 Тізбек нүктесіндегі зарядты табу.
10.5 Конденсатордағы кернеуді табу.
Модуль 11. Аудандарды интегралдау
Оқытудың нәтижесі:
Қисық астындағы және қисықтар арасындағы ауданды интегралдау тәсілі арқылы анықтау.
Модуль тапсырмалары:
11.1 Координаттар осімен қисық арасындағы ауданды табу.
11.2 Екі қисықпен шектелген фигураның ауданын табу.
Модуль 12. Интегралдау жайлы толығырақ
Оқытудың нәтижесі:
Жұмыс пен күшті есептеу үшін интегралдау әдісін қолдану.
Модуль тапсырмалары:
12.1 Бағандар мен шынжырдың жұмысын анықтау есептерін шығару.
12.2 Сұйық қысымының әсерінен бетінде пайда болатын күшпен байланысқан есептерді шығару.
12.3 Сұйықтардың қозғалыс жұмысына есептер шығару.
12.4 Басқа технологиялық есептерді шығару.
Оқыту әдістері:
Компьютердегі презентациялар
Көрсетулер
Бағалау
Лекция
Зертханалық жұмыс
Оқыту ресурстары:
- Графикті салудың мүмкіндігі жоқ ғылыми калькулятор
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
5.1. Вашингтон, Aллин Дж. (2009). Есептеулері бар элементар техникалық математика, версия SI (9-і басылым.). Pearson.
Курстың бағалау жүйесі
Қорытынды емтихан 40%
Аралық емтихан 30%
Ауызша мен жазбаша сұраулар немесе тапсырмалар немесе екеуі бірге 30%
Барлығы 100%
Бағалау шкаласы
Пайыздық баға
|
Әріптік баға
|
Балдық баға
|
90-100
|
A+
|
4.0
|
85-89
|
A
|
4.0
|
80-84
|
A-
|
3.7
|
77-79
|
B+
|
3.3
|
73-76
|
B
|
3.0
|
70-72
|
B-
|
2.7
|
67-69
|
C+
|
2.3
|
63-66
|
C
|
2.0
|
60-62
|
C-
|
1.7
|
55-59
|
D+
|
1.3
|
50-54
|
D
|
1.0
Ең төменгі өту балы
|
0-49
|
F
|
0.0
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Технологтарға арналған математика ІІ
Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог
Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог
Астана 2012
Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны
бет
|
|
|
1.
|
Түсіндірме жазба
|
270
|
2.
|
Курстың мазмұны
|
271
|
3.
|
Оқыту әдістері
|
274
|
4.
|
Оқыту ресурстары
|
274
|
5.
|
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
274
|
6.
|
Курсты бағалау жүйесі
|
274
|
Түсіндірме жазба
Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)
«Технологтарға арналған математика IІ» пәнінің мазмұнында интегралдаудың қолданулылары: айналу көлемі, центроидтар, инерция моменті трансценденттік функцияның дифференциалы мен интегралы, интегралдау әдістері, бөліктер бойынша интегралдау, тригонометриялдық алмастыру және кестелерді қолдану қарастырылады. Қосымшада сызықтық қозғалыс, қисық астындағы аудан, көлем, центроидтар, инерция моменті, жұмыс, гидростатикалық қысым, кедергілер әдісімен электрлік барлау теориясы қарастырылады.
Модульдердің жалпы саны: 10
Сағат саны: 75
Кредиттер саны: 3.0
«Технологтарға арналған математика IІ» эксперименталдi бiлiм беретiн пәннiң бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.
Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.
Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде лекцияларын, сыныптағы талқылауын, компьютердегі презентациясын, тәуелсіз оқытуын, басқару нұсқауын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.
Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.
«Техникалық математика I», «Математика» пәндерімен пәнаралық байланыс студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.
2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Интегралдауды қолдану
Оқытудың нәтижесі:
Интегралдау әдісі арқылы қолданбалы есептерді шығару.
Модуль тапсырмалары:
1.1 Х және Ү остері айналасында ауданды айналдыру арқылы алынған көлемді диск әдісі бойынша анықтау.
1.2 Х және Ү остері айналасында ауданды айналдыру арқылы алынған көлемді шелл әдісі бойынша анықтау.
1.3 Ауданның центрін есептеу.
1.4 Массалар центрін есептеу.
1.5 Инерция моментін және ауданның инерция радиусын есепте.
1.6 Инерция моментін және массаның инерция радиусын есептеу.
Модуль 2. Тригонометриялық функцияларды және кері тригонометриялық функцияларды дифференциалдау
Оқытудың нәтижесі:
Дифференциалдау ережесін қолдану арқылы тригонометриялық және кері тригонометриялық функцияларды дифференциалдау.
Модуль тапсырмалары:
2.1 Негізгі алты тригонометриялық функциялардың туындысын табу.
2.2 Дәрежелерге шығарылған негізгі алты тригонометриялық функциялардың туындысын табу.
2.3 Тригонометриялық функциясы бар өрнектердің туындысын табу.
2.4 Арксинус, арккосинус және арктангенстің туындыларын табу.
2.5 Тригонометриялық және кері тригонометриялық функциялар бар қолданбалы есептерді шығару.
Модуль 3. Логарифмдік функцияны дифференциалдау
Оқытудың нәтижесі:
Логарифмдік функцияны дифференциалдау.
Модуль тапсырмалары:
3.1 у = logbu функциясының туындысын анықтау, мұндағы u = f(x).
3.2 у = ln u функциясының туындысын анықтау, мұндағы u = f(x).
3.3 Дәрежеге шығарылған у = logbu және у = ln u функцияларының туындысын анықтау.
3.4 Көбейту функциясы және бөлу функциялары бар логарифмдік функцияны туындысын анықтау.
3.5 Логарифмдік дифференциясы бар алгебралық өрнектің туындысын табу.
3.6 Логарифмдік қисықтың берілген нүктесіне көлбеуді анықтау.
3.7 Логарифмдік функциясымен байланысқан қолданбалы есептерді шығару.
Модуль 4. Экспоненциалдық функцияны дифференциалдау – 27.6-27.7 бөлімдер
Оқытудың нәтижесі:
Экспоненциалдық функцияны дифференциалдау.
Модуль тапсырмалары:
4.1 у = b^ u экспоненциалдық функциясын дифференциалдау, мұндағы u = f(x).
4.2 у = e^u экспоненциалдық функциясының туындысын табу, мұндағы u = f(x).
4.3 Экспоненциалдық функциясын туындысын табу үшін тізбекті ережені қолдану.
4.4 Экспоненциалды фукнциямен байланысқан көбейтінді функцияның туындысын табу.
4.5 Экспоненциалды фукнциямен байланысқан бөлінді функцияның туындысын табу.
4.6 Тригонометриялық функциясы бар экспоненциалдық функцияның туындысын табу.
4.7 Экспоненциалдық функцияның тізбекті туындысын табу.
4.8 Экспоненциалдық қисықтың берілген нүктесіне көлбеуді анықтау.
4.9 Экспоненциалдық функцияның максимум, минимум және/немесе майысу нүктелерін анықтау.
4.10 Экспоненциалдық функциямен байланысқан қолданбалы есептерді шығару.
Модуль 5. Трансцендентік функцияны жалпы формула көмегімен интегралда – 28.1 бөлім
Оқытудың нәтижесі:
Трансцендентік функцияны жалпы формула көмегімен интегралдау.
Модуль тапсырмалары:
5.1 ƒ u^ndu анықтау, мұндағы n тең емес (-1)-ге, трансцендентік функция екенін анықтау.
ƒ u^ndu есептеу, мұндағы n тең емес (-1)-ге, берілген шектер арасында трансцендентік функция екенін анықтау.
Трансцендентік функцияны жалпы формула көмегімен интегралдауға арналған қолданбалы есептерді шығару.
Модуль 6. Негiзгi логарифмдiк формулаға әкелетін интегралдау – 28.2 бөлім
Оқытудың нәтижесі:
Негiзгi логарифмдiк формулағы әкелетін формуланы табу және интегралдау үшін қолдану.
Модуль тапсырмалары:
6.1 ƒ du/u табу, мұндағы u алгебралық өрнек.
6.2 ƒ du/u анықталған шектер арасында табу.
6.3 ƒ y=g(x)/f(x) табу, мұндағы g(x) дәрежесі f(x) дәрежесіне.
6.4 Логарифмдік өрнектерге әкелетін интегралға берілген қолданбалы есептерді шығару.
Модуль 7. Экспоненциалдық функцияларды интегралдау – 28.3 бөлімі
Оқытудың нәтижесі:
Экспоненциалдық функцияға әкелетін өрнектерді интегралдау.
Модуль тапсырмалары:
7.1 ƒ e^udu табу, мұндағы u алгебралық өрнек.
7.2 ƒ e^udu табу, мұндағы u тригонометриялық өрнек.
7.3 ƒ b^udu табу.
7.4 e^udu формуласының интегралын есептеу.
7.5 e^udu интергалдаумен байланысты электр тогындағы қолданбалы есептерді шығар.
7.6 Логарифмдер мен экспоненттердің интегралын табу.
Модуль 8. Тригонометриялық функцияларды интегралдау – 28.4-28.5 бөлімдері
Оқытудың нәтижесі:
Тригонометриялық функцияларды табу және интегралдау.
Модуль тапсырмалары:
8.1 Негізгі тригонометриялық функциялардың интегралдарын анықтау.
8.2 Негізгі тригонометриялық функциялардың интегралдарын берілген шектерде анықтау.
8.3 Синусоида мен косинусоиданың тақ дәрежелерін тауып интегралдау.
8.4 Синусоида мен косинусоиданың жұп дәрежелерін тауып интегралдау.
8.5 Тангенсоиданың кез келген дәрежесін тауып интегралдау.
8.6 Орта мәннің квадрат түбірімен байланысқан функциясы бар қолданбалы есептерді шығару.
Модуль 9. Кері тригонометриялық функцияларға әкелетін интегралдау – 28.6 бөлім
Оқытудың нәтижесі:
Кері тригонометриялық функцияларға әкелетін формулаларды интегралдау.
Модуль тапсырмалары:
9.1 du/sq rt a^2-u^2 формуласымен берілген өрнектің интегралын табу.
9.2 du/a^2+u^2 формуласымен берілген өрнектің интегралын табу.
9.3 Арксинус пен арктангенске әкелетін функциялардың интегралын табу.
9.4 Кері тригонометриялық функциялармен байланысқан қолданбалы есептерді шығару.
Модуль 10. Тригонометриялық алмастыруды, кесте қолдану арқылы бөліктер бойынша инегралдау – 28.7-28.8, және 28.11 бөлімдері
Оқытудың нәтижесі:
Өрнекті бөліктер бойынша интегралдау, тригонометриялық алмастыру әдістерімен және кестелерді қолданып интегралдау.
Модуль тапсырмалары:
10.1 Логарифмдік, тригонометриялық және экспоненциалдық функциялары бар өрнектерді интегралдау үшін бөліктер бойынша интегралдау әдісін қолдану.
10.2 Алгебралық өрнектерді интегралдау үшін геометриялық алмастыру әдісін қолдану.
10.3 Интегралдар кестесі бойынша функцияны интегралдау.
10.4 Берілген әдістерді қолдану арқылы қолданбалы есептерді шығару.
Оқыту әдістері:
Сыныпта талқылау
Көрсетулер
Бағалау
Басқару нұсқау
Лекция
Практикалық жұмыс
Оқыту ресурстары:
- Графикті салудың мүмкіндігі жоқ ғылыми калькулятор
Достарыңызбен бөлісу: |