16-күн
Сабақтың
тақырыбы:
Мұғалім рефлексиясы
Сабақтың
мақсаты:
Тыңдаушылар іс-әрекеттегі зерттеу тәсілімен, оның кезеңдерімен танысып, зерттеу
кезеңдерін талдайды.
Жаттығулар
1-2-сабақтар
1.
Бүгінгі күннің мақсатымен таныстыру.
2.
Таныстырылымның көмегімен тыңдаушыларды өзіндік рефлексия үдерісімен
таныстыру.
3.
Деректерді өңдеуде мұғалімдердің рефлексия жасауы маңызды орын алады.
Ойлан-Жұптас-Бөліс әдісін қолданып мұғалімдердің өзіндік рефлексиясы
мәселесін талқылау.
•
Тыңдаушылар жеке жұмыс істей отырып, «Өзіндік рефлексияны дамытуға
арналған сұрақтар» үлестірме материалындағы сұрақтар төңірегінде
ойланып, қажет десе өз ойларын қағазға түсіреді.
•
Содан кейін жанындағы әріптесімен жұп болып бірігіп, ойларымен бөліседі.
•
Кейіннен бүкіл топ болып, мұғалім рефлексиясының маңызын талқылайды.
4.
Рефлексияға арналған сұрақтар:
а) Зерттеу нәтижелері туралы, өзгеріс енгізілген сала туралы, ол саланың
қаншалықты жетілгені туралы рефлексия жасау қаншалықты маңызды? Бұл
сізге не береді?
ә) Рефлексияны өзіңіздің күнделікті үйреншікті болған ісіңізге айналдыру
үшін не істеуге болады?
5.
Сабақты қорытындылау. Мектеп тренерінің кері байланысы
6.
Үй тапсырмасы: зерттеу сұрағы тұрғысынан сыныптағы ағымдағы жағдайды
сипаттайтын деректерді ой елегінен өткізу. Олардан не көруге болады?
Қосымша оқу
1.
Ардабаева Б. Утегенова Б. Рефлексия – мұғалімнің оқыту мен оқу тәжірибесін
жетілдіру құралы. Астана, 2016.
2.
Абдраманова Қ., Джансугирова Ж., Дильманов Б., Оспанов Е. Мұғалімдердің
рефлексиялық дағдыларын дамыту жолдары. Астана, 2016.
3.
Ұстағалиева А. Мұғалім қызметіндегі педагогикалық рефлексия. Астана, 2015.
17-күн
Достарыңызбен бөлісу: |