3. БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ
Б. Блум таксономиясы бойынша танымдық саладағы оқу мақсаттарының жіктелімі бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау процесінде кеңінен қолданылады. Бастапқы және түзетілген Б. Блум таксономиясы оқуды күрделілік деңгейінің өсуі бойынша алты танымдық деңгейге бөледі. Әрбір жоғары деңгей алдыңғы деңгейде меңгерілген дағдыларға негізделеді. Оқу мақсаттарын Блум таксономиясы негізінде жіктеу үшін бағалау критерийлерін құру барысында мұғалім басшылыққа алатын зат есім мен етістіктерді дұрыс қолдану маңызды. Етістік таңдаған танымдық санатқа (деңгейге), ал зат есім оқушының меңгеріп, көрсетуі тиіс тапсырма түріне бағытталған болуы керек. Төменде көрсетілген кестелерде күрделілік деңгейінің өсуіне сәйкес танымдық процестің мазмұны көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |