Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Педагогикалық шеберлік орталығының


Тапсырманың түрлері. Жабық тапсырмалар



бет16/72
Дата25.01.2022
өлшемі342,15 Kb.
#114326
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
Байланысты:
МАН Информатика

Тапсырманың түрлері. Жабық тапсырмалар

Оқу мақсаттарын дәл тұжырымдап, үнемі есте ұстау аса маңызды; оқу мақсаттарының негізінде тиімді және мәнді практикалық тапсырмалар әзірленеді. Тапсырма жабық түрдегі немесе ашық түрдегі тапсырма (жабық тапсырма, ашық тапсырма) болуы мүмкін. Тапсырманың әрбір түрі нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және өзекті болып саналады.

Жабық тапсырмалар педагогика мен психологияда кең қолданылады. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне жеңіл болады. Тапсырманың дидактикалық мазмұны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін. Бұл бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.

Дегенмен оқу процесінде үнемі тек жабық тапсырмаларды қолданған жағдайда оқушылардың білім-дағдылары толық жинақталмаған, шектеулі болуы мүмкін.

Практикада жабық тапсырмалардың бірнеше түрі кеңінен қолданылады:



  • Жауабында көп таңдауы бар тапсырмалар: бір дұрыс жауабын таңдау немесе бірнеше дұрыс жауабын таңдау тапсырмалары;

  • сәйкестендіруге арналған тапсырмалар;

  • реттілікті анықтау тапсырмалары;

  • тұжырымның шындық немесе жалған екенін анықтауға арналған тапсырмалар (Ақиқат немесе жалған тапсырмалары)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет