Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Педагогикалық шеберлік орталығының



бет32/72
Дата25.01.2022
өлшемі342,15 Kb.
#114326
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
МАН Информатика

Ашық тапсырмалар

Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және т.б. арналған. Ашық тапсырмалардың жауабы ұзақтығына (көлеміне) қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше сөздерден (қысқа жауап) толық дәлелді пайымдауларға (толық жауап) дейін болуы мүмкін.



Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше кезеңден тұратын түрлі сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып орындау қажет.

Толық жауапты қажет ететін тапсырма нұсқаларының бірі эссе болып табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы тексеріліп қана қоймайды, сондай-ақ берілген сұрақты немесе мәселені әртүрлі көзқараста қарастыру, берілген тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын дәлел түрінде келтіру, мәселені шешудің жолдарын ұсыну және т.б. дағдыларды меңгеруі тексеріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет