Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence



Pdf көрінісі
бет63/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Бағалау критерийі ұсынылған  талаптарға  сәйкес  бір  нәрсені  бағалау  бойынша  шешім 

қабылдау ережесі, негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары (әрбір 

нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу 

нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға 

сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатқа жетуін анықтайды

Бағамдау

(ағылш.  evaluation)  білім  беруді  ұйымдастырумен,  оқу,  тәрбиелеу 

және  даму  үдерістерімен  байланысты  жағдайларды,  құбылыстарды 

және іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу және баға беру. Бақылаушы және 

қадағалаушы сипаты жоқ. Ол ақпаратты жүйелі түрде ашық жинақтау 

және  талдау  негізінде,  белгіленген  мақсаттармен,  критерийлермен 

және  құндылықтармен  жүйелі  түрде  салыстыру  негізінде  ұйымның 

жұмысының  тиімділігін  анықтау  және  жетілдіру  мақсатында  ұйым 

ішінде,  сондай-ақ  сыртқы  сарапшыларды  тарту  арқылы  өткізіледі. 

Бағамдаудың өзіне тән ерекшеліктері: жетілдіруге бағдарлау, диалог 

түрінде өтуі, жазаның қолданылмауы. Бағамдау мұғалімді «тексеруге» 

емес, оған қолдау көрсетіп, дамуына көмектесуге бағытталған.



Белсенді оқу

шынайы  өмірден  алынған  және  ойдан  шығарылған  жағдайларды 

қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге 

жетелейді.  Білім  беру  бағдарламасының  барлық  салаларын  барлық 

сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады. 

Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп аталатын оқудың негізгі 

үш  саласы  қамтып,  оқудың  бұл  таксономиясын  «оқу  үдерісінің 

мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға болады.



Бірлескен оқу

Бұл  тәсілдің  аясында  оқыту  білім  берушілер  мен  білім  алушылар 

арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту 

үдерісіне  қатысушы  әрбір  жеке  тұлғаның  жеке  үлесі  мен  қабілеті 

мойындалады.  Үдеріске  қатысушылар  ақпаратты  бірлесіп  отырып 

белсенді  іздеу,  талқылау,  талдау  және  жинақтау  арқылы  жаңа  білім 

алады.  Жұмыс  тиімді  болуы  үшін,  ынтымақтастық  оқу  жағдайында 

өкілеттік  пен  жауапкершілік  топ  мүшелері  арасында  бөлінеді. 

Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет 

етуі арқылы ымыраға, бір келісімге келуіне негізделген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет