Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет11/67
Дата22.08.2020
өлшемі1,05 Mb.
#76469
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Байланысты:
1 Мұғалімге арналған нұсқаулық
Магнетизм реферат, Магнетизм реферат, 1 лекция (2), 25.10 тапсырма, ?анда?ы ?ант к?рсеткішіні? ?алыпты де?гейі аш?арын?а? A) 1,1 2,2
Дәлелдемелер жинау 

Пән  бойынша  тест  сипаттамалары  белгіленген  құрылым  бойынша  тест  сұрақтарын 

әзірлеуден  бастап,  ұсынылатын  жауаптарды  (кілт  және  дистракторлар)  құрастыруға  дейін 

барлық талаптарға сәйкес жасалады. Тест сипаттамалары зерделенген тақырып немесе бөлім 

Бағалаудың 

құрылымын 

анықтау және 

қолдану 

Дәлелдемелер 

жинау 

Бағалауға арналған 

тапсырма әзірлеу 

бойынша 

қорытынды 



10 

бойынша  нақты  деректерді  көрсетеді  және  оқу  мақсатын  немесе  дағдыларды  бағалауға 

бағытталады.  

Бағалауға  арналған  тапсырманы  әзірлеу  барысында  құрылым  мен  өлшеуге  арналған 

компоненттерді  сақтау  маңызды.  Бағалауға  арналған  тапсырманың  сәйкес  болмау 

себептерінің  бірі  оның  толық  анықталмауы/құрастырылмауы  болып  табылады.  Тапсырма 

құрылымының жеткіліксіз берілуінің мысалы ретінде әрқайсысы жеке немесе барлығы бірге 

қарастырылып бағалануы тиіс ортақ тақырыптардың болмауын айтуға болады.  



Мысалы,  математикадан  қорытынды  жиынтық  бағалау  тапсырмада  алгебра 

қарастырылып,  геометрия  бөліміне  қатысты  тақырыптардың  ескерілмеуін  айтуға 

болады.  Жалпы  түсінік  қалыптастыру  мен  дұрыс  шешім  қабылдауда  бір-бірімен 

байланысты  барлық  бөлімдер  бірдей  маңызды.  Жиынтық  бағалауда  олардың  біреуінің 

ескерілмеуі  пән  бойынша  оқушының  оқу  жетістігі  туралы  дұрыс  қорытынды  жасауға 

мүмкіндік бермейді

Поллит,  Ахмед  және  Крисп  (Pollitt,  Ahmed  and  Crisp,  2007)  бағалауға  арналған 

тапсырманың мазмұнына төмендегідей талаптар қояды: 

- тапсырманы орындауға берілетін уақытты дұрыс белгілеу

- тапсырмалардың көлемін ұтымды анықтау;  

- тапсырманың шартын оқуға берілетін уақытты есептеу;  

- ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жадыға түсетін танымдық жүктемені ескеру, т.б.. 

Бағалауға  арналған  тапсырманың  мазмұнына  қойылатын  талаптарды  бағамдаудың 

құрылымдалған тәсілі бар ма? Әлеуметтік психологияда қолданылатын үлестіру теориясын 

тапсырманың  мазмұнына  қойылатын  талаптарды  бағамдау  жұмыстарын  дамыту  үшін  де 

қолдануға болады. Гилберт, Пелхам және Крулл (Gilbert, Pelham, and Krull, 1988) адам өзінің 

іс-әрекетінің  себептеріне  мұқият  және  дәлелді  талдау  жасаған  кезде  үш  кезеңнен  өтеді  деп 

санайды: санаттарға жіктеу, сипаттамаларды анықтау және түзету.  

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет