Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ



Pdf көрінісі
бет4/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379
Дәрілік өсімдіктер, sro(20170512-17855) (1), бала даму картасы 2021, 21858P (1)
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 
Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы 
Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік 
экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін 
қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану ұлттық 
экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз 
етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артып отыр. Женевадағы Халықаралық еңбек 
ұйымының (2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін маңыздылығын көрсетті: «... көлік 
және коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен қатар, сауда мен капитал ағымын 
ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік нарықта өзара бәсекелестіктегі 
жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге артып келе жатқандығын 
көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, 
оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс табу үшін қажетті білім мен 
дағдыға да әсері артып келеді.
Гриффин және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы 
бойынша: «...экономикасы дамыған елдерде өнеркәсіптік өндірістен ақпараттық қызмет 
көрсету және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-б.). 
Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма 
бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру; әлеуметтік 
өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының 
қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп 
оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда 
анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ 
мерзімді стратегия. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te Velde, 
2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз пікірлерін 
айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің 
айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Муршед және басқа авторлар 
(Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс енгізу 
«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен 
жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер 
оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан 
түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан 
түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін 
жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін 
әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты 
болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. ХХІ ғасырдың 
мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен 
ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір 
алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін 
дамытуға көмектесуі керек». 
Андреас Шлейхер,
Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы директорының
және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша
арнайы кеңесшісі міндетін атқарушы (Schleicher, A., 2014) 



үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді реформалаудың 
қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті. 
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы 
мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені 
үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар 
туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда 
пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. 
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере 
алатындай 
деңгейдегі 
жұмыстар 
республикалық 
деңгейде 
жүргізілуде. 
Оқу 
бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне 
қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының 
жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап 
етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске 
асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған 
оқу бағдарламасы мен критериалды бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін 
қабылданған шаралардың бірі болып табылады. 
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту, жаңартылған 
оқу бағдарламасын әзірлеу, сынақтан өткізу және 2016-2017 оқу жылынан бастап 1-
сыныптарда енгізу аталған процестің бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған мазмұн түрлі 
проблемаларды шешудің дағдыларын дамытуға, зерттеуге және түрлі дереккөздеріндегі 
ақпаратты зерделеуге бағытталған. Білім алушылар білімдерін әрі қарай басқа да жағдайларда 
жинақтап, қолдана алу мақсатында бастауыш сыныптың оқу бағдарламасына және әрбір білім 
беру саласындағы пәндерді негізге ала отырып, түсініктерін қалыптастырады. Сондықтан 
оқушылар өз білімдерін кез келген жағдайға бейімдей алуға және болашақта оларға кездесуі 
мүмкін кез келген күрделі міндеттерді шешуге үйренеді. 
Бастауыш сынып пәндерін табысты оқыту ұстаздың кәсіби тәжірибесі мен құзыретіне 
байланысты болады. Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында 
бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары жаңартылған оқу 
бағдарламаларын іске асыру үшін мұғалімнің кәсібилігін жетілдіруге бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет