Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Оқу бағдарламасының үйлесімділігі



Pdf көрінісі
бет7/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379
Дәрілік өсімдіктер, sro(20170512-17855) (1), бала даму картасы 2021, 21858P (1)
Оқу бағдарламасының үйлесімділігі 
Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелеріне жасалған талдау оқу 
бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса 
маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Оқу бағдарламасын 
жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде 
орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін 
толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Демек, оқу бағдарламасының 
мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс 
(Roach et al., 2008). Мұны төмендегі сызбадан көруге болады (1-сурет): 
1-сурет.
Оқу бағдарламасының үйлесімділігі 
Үйлесімділік оқу бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе деңгейінде 
ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі оқу 
бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті 
ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді 
болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті – оқу бағдарламасы, 
педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар үшін бірлесіп қалай тиімді 
қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып табылатынына назар аудартады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет