8
3. БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ
Бағалау үдерісін түсіну
Бағалау үдерісін зерделеу өзектілігінің көптеген себептері бар. Зерттеулер
мұғалімдер оқушыларды бағалауда
басшылыққа алатын нақты, ғылыми дәлелденген
ережелердің жоқтығын көрсетеді. Осылайша оқушыларға баға қоюдың жүйсіздігі
байқалады. Бұл оқушыларды
қорғансыз жағдайға қойып, оқушының МЕН-
тұжырымының төмендеуіне немесе өзіндік бағасын жоғарылатуына жол берді (Ананьев
Б.Г., 1980).
Адамның тіршілік әрекеті көптеген факторларға тәуелді: білімділік (қабылдаутын,
өңделетін материал көлемі), психологиялық (уәж,
оқушылардың жеке тұлғалық
ерекшеліктері), педагогикалық (әдіс-тәсілдерді таңдау), эмоциялық (алаңдаушылық
деңгейі), адамгершілік (бірмәнді, нақты, анық, қатаң, икемді тәсілдер), т.б. Бағалау
үдерісінде барлық факторлар
бір-бірімен байланысты болып, бірін-бірі толықтырады.
Білімділік немесе педагогикалық факторларды ғана жеке бағалауға болмайды,
себебі
басқа факторлар да оқу нәтижелеріне немесе бағалауға әсер ете алады. Баға
оқушылардың білім, білік-дағдыларын әртүрлі критерийлер бойынша бағалау
нәтижелерінен
құралады, мысалы, зерделенетін материалдың көлемі,
осы материалды
түсіну және қолдану, материалды пәннің талабына сәйкес рәсімдеу, материал бойынша
жазу жұмысына берілген уақытты пайдалана білу, т.б.
Мұғалімдердің тәжірибесі бағалауға арналған тапсырмаларды саралау, бағалаудың
тиімді құралдары мен әдіс-тәсілдерін қолдану оқушылардың
оқуға деген ынтасын
арттырып, өзінің даму бағытын анықтауына оң әсер ететінін көрсетеді.
Бағалау үдерісін ұйымдастыру үш кезеңнен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: