Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет49/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
1541881748 (1)

Белсенді оқу
шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды 
қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді 
шешуге жетелейді. Оқу бағдарламасының барлық салаларын 
барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, 
кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп 
аталатын оқудың негізгі үш саласы қамтып, оқудың бұл 
таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға 
болады. 
Бірлескен оқу 
Бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар 
арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып
оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен 
қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп 
отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы 


63 
жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу 
жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында 
бөлінеді. Бірлескен оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп 
әрекет етуі арқылы ымыраға, бір келісімге келуіне негізделген. 
Дарындылық 
қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық – 
өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты 
дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов). 
Жалпы
дарындылық: салыстырмалы түрде кең және әмбебап 
психологиялық бөлшектердің (жады, зият) дамуы. 
Арнайы
дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты, 
жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді». 
Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері 
сандық
 
емес

сапалық
тұрғыдан ерекшеленеді. Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері 
бір адамның бір салада, екіншісінің басқа салада дарынды 
болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық деңгейімен 
де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты іздеу – 
психологияның маңызды міндеті. 
Дәлелдеу 
белгілі бір көзқарасты жеке немесе ұжымдық реципиенттің 
түйсініп, түсінуі және/немесе қабылдауы мақсатында негіздеу 
үшін жүргізілетін логикалық-коммуникациялық үдеріс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет