Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Оқу  білім мазмұнын меңгеруге бағытталған оқушы әрекеті.  Оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет52/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
1541881748 (1)

Оқу 
білім мазмұнын меңгеруге бағытталған оқушы әрекеті. 
Оқу бағдарламасы 
оқу пәні бойынша міндетті түрде меңгерілуі керек білімдер мен 
дағдылардың мазмұны және көлемі, сонымен қатар, олардың 
тақырыптар, тараулар мен оқу кезеңдеріне бөлінуі көрсетілген 
құжат. Белгілі бір білім беру саласына қатысты мемлекеттік білім 
беру стандартының талаптары негізінде әзірленеді. 
Оқу жоспары 
белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап 
әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір аясында осы пән 
бойынша қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және 
онда бұл материалдарды қандай ретпен оқытуға және оқуға 
болатыны ұсынылады. 


65 
Оқу мақсаты 
оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу 
барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктері бойынша 
күтілетін нәтижелерден құралған тұжырым. 
Оқыту 
оқытушының оқу мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға 
бағытталған әрекеті.
Оқу үдемелілігі 
танымдық психологияда, оқу үдемелілігі адам қабілетіне қатысты 
ұғым, себебі бұл саналы жүретін және адамның еркінен тыс 
жүретін оқудың, сондай-ақ жаттығулардың ықпалдасуы. Оқу 
үдемелілігінде күрделілік деңгейі біртіндеп артып отырады: 
қарапайым тапсырмалардан басталып, әр қадам сайын 
тапсырмалар күрделене береді. 
Рефлексия 
(
лат. reflexio – өткенге жүгіну) 
субъектінің назарын өзіне, дәлірек айтқанда, қайта ойлап, қорыту 
мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. 
Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1. Сананың және 
ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында 
білімді талдау. 3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау. 
Педагогикада 
рефлексия 
сабақтың 
бір 
кезеңі 
ретінде 
қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын 
тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып
өзіндік түсінік пайда болады. 
Саралап оқыту 
әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен 
нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану 
үдерісі, оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және 
сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет