Қосымша:
1. Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың: тарихи очерктер. — Алматы: Жеті жарғы, 1998.
2. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860–1958). — Алматы: Мектеп, 1981.
Ф-ӘД-001/046
№11 Лeкция caбaғының тaқыpыбы: XX ғасырдағы қазақ мәдениеті.
Caбaқ жocпapы:
1. XX ғасырдағы қазақ ағартушылары.
2. 1941-1990жж аралығындағы қазақ мәдениеті
3. Тәуелсіздік шежіресі: 1991 жыл - Алаш жұртының арманы болған азаттық таңы атқан жыл.
Caбaқ мaқcaты: XX ғасырдағы қазақ ағартушыларының шығармаларын насихаттау.
Лeкция мәтiнi: XX ғасырдағы қазақ мәдениеті және егемендік алған Қазақстан мәдениетін меңгеру.
1. XX ғасырдағы қазақ ағартушылары. ХІХ –ХХғғ. қазақ қоғамында болып жатқан жағдайлар қазақ ағартушылары С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Б.Майлин, С.Мұқанов, М.Әуезов, М.Мақатаев, О.Сүлейменовтің шығармаларында сипатталды. Сонымен бірге қазақ мәдениетінің дамуына өзідік үлестерін қосқан Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин т.б. болды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов үшеуі «Қазақ» газетін 1913-1917жж. қазақтың саяси-әлеуметтік мүддесін сөз еткен жалпыұлттық мақсат бағдарды белгілеуге ат салысқан басылым болды. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды. XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі С.Торайғыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен әлеуметтік теңсіздік тақырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.
Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рүстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.
XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлы болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов
Достарыңызбен бөлісу: |