Жарық сынуын үшбұрышты призма арқылы бақылау Жарықтың сынуын үшбұрышты шыны призма арқылы бақылау аса ыңғайлы. Үшбұрышты призманы кез келген физика кабинетінен табуға болады. Ол үшін призманың бір қырын нәрсеге (S) бағыттап, екінші қыры жағынан бақылаушы нәрсе кескінін іздеу керек, сонда нәрсе кескінінің орны нәрсенің шын орнына сәйкес келмейтіндігін байқаймыз (5-сурет).
Бұл түзулердің қиылысу нүктесі О-ге бір түйреуішті түйрейміз. Ал екінші түйреуішті А нүктесіне бекітеміз. Енді қалың қағазды стакандағы суға саламыз, сонда түйреуіш түйрелген О нүктесі су бетінде орналасатын болуы керек. Екі түйреуіш бір түзудің бойында жататындай түзу бойын көзбен бақылаймыз. Сөйтіп осы түзудің бойында жататын В нүктесін қалың қағаздың жоғарғы қырында үшінші түйреуішті қадаймыз. Енді қалың қағазды судан шығарып ОА жэне ОВ сәулелерін жүргіземіз. Сонда пайда болған ∠ АОМ және ∠ ВОN бұрыштары арқылы судың сындыру көрсеткішін анықтаймыз. Сонымен, 𝑛= Мұндағы: ∠ ВОN - түсу бұрышы; ∠ АОМ – сыну бұрышы.