Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Кішкентай балалармен жұмыс жүргізудегі педагогикалық тәсілдер



Pdf көрінісі
бет25/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

 
Кішкентай балалармен жұмыс жүргізудегі педагогикалық тәсілдер
A.
 
Сауалнама 
Балалармен өзара әрекеттестікке, оларды ойлануға және оқуға ынталандыруға 
ықпал ету үшін педагогтер 
ойшыл адамның іс-әрекет моделін 
қолдана алады.
 
Сіз 
өзіңіздің іс-әрекетке қызығушылығыңыз бен ықыласыңызды көрсете отырып, 
балалардың қызығушылығы мен ынтасын арттырып, бірлескен іс-әрекетке тарта аласыз. 
Мұны іске асыру тәсілдерінің бірі – әртүрлі жағдайларда (бөлме ішінде де, көшеде де) 
кез келген мөлшерде қолдануға болатын ашық сұрақтар қоры. 

Қызық екен, біз мұны қалай жасай аламыз ...? 

Қызық, егер ...., не болар еді? 

Қызық, бұл неге ойдағыдай шықпады? 

Қызық, біз тағы не жасай алар едік? 

Біз ... барған кезде, не істеу керек болады? 

Егер біз ..., мұның әсері бола ма? 

Қызық, біз ... қайдан таба алар едік? 

 ... бізге кім көмектесе алар екен? 

Біз ... қашан орындауымыз керек? 
Мұндай үлгідегі сұрақтар балалардың шығармашылық ойлауына түрткі болады 
және өзара идея алмасуға ықпал етеді, сондай-ақ заттарды құрастыру мен мәселенің 
шешімін табудың көптеген тәсілдері бар екендігін көрсетеді. Мұндай үдеріске қолдау 
көрсету үшін педагогтер балаларды жауап беруде асықтырмай, олардың ойлануына және 
сөйлеуіне уақыттың жеткілікті болуына мүмкіндік беруі керек. 
B.
 
Жігерлендіру 
«Уәждеу бізді алға қойған мақсаттарымызға жету үшін әрекет етуге 
ынталандырады. Біз өзімізді өзіміз уәждей аламыз, ол үшін өзімізді өзіміз 
марапаттаймыз, мысалы, біз:

сүйсіну және мақтаныш сезімдерін сезінеміз;

өзімізге және қол жеткізген жетістігімізге көңіліміз толады. 
Өзін-өзі уәждейтін балалар белгілі бір әрекеттермен ұзақ уақыт айналыса алады. 
Олар өздерінің жасап жатқанын бақылай алады, оларға орындау үшін қойылған 
міндеттер ұнайды. Балалар өз мақсаттарына қол жеткізе алатынын сезінген кезде, оларда 
мақтаныш сезімі пайда болады, бұл олардың психикалық саулығы мен әл-ахуалына оң 
ықпал етеді» (KidsMatter, 1). 
Балаларды ынталандырудың практикалық тәсілдері:

балаларға үлкен үміт арту және олар үмітті ақтаған кезде мақтап-мадақтау;

балаларға мадақтаудың әртүрлі нысандарын ұсыну, мысалы, сөз арқылы («Сен 
мұны жасай аласың!»), бейвербалды (күлімсіреу, көз қысу, саусақты жоғары көтеру) 
және сезілетін (стикер, мөр, тәттілер) қолдаулар. 

балалардың қолжетімді мақсаттар қоюына, оларға қол жеткізуге ұмтылуына
көмектесу, мысалы, пальтоның түймелерін салу. 

балаларға белгілі бір сипаттамаларды қалыптастыратын тиімді мақтауды қолдану, 
(мысалдары төменде берілген). 



Балалардың жетістігін мойындау
: «Бүгін сендердің есептеулеріңе көңілім толды». 

Нақты
: «Айым, сен өз суретіңде қаншама көп түс пайдаланғансың». 

Балалардың істеп отырған жұмысын бұрын істегенімен салыстыру
: «Інжу, сен 
осы жолы суретті өткендегімен салыстырғанда әлдеқайда жақсы салдың». 

Балалар әрекеттерінің оларды орындау кезіндегі сүйсіну сезімімен байланысы

«Аружан, сен допты үш рет ұстап алуға тырыстың, оны өте жақсы орындағаныңа өзің риза 
шығарсың». 

Балалар жетістігінің іс-әрекетке жұмсаған күш-жігерімен байланысы
: «Сен 
Мәдинаның қайда тығылғанын ұзақ және мұқият ойландың, содан кейін оның үйдегі ағашқа 
тығылғанды жақсы көретінін есіңе түсіріп, бірден тауып алдың – сенің ойлау қабілетің 
жақсы». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет