Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


«Оқыту» термині нені білдіреді?



Pdf көрінісі
бет27/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

 
«Оқыту» термині нені білдіреді?
«Оқытуды «жалпыдан жекеге» немесе формалды жұмыс тәсілі ретінде қабылдамау 
керек. Бұл кең ауқымды термин ересектердің кішкентай балалардың оқуына
көмектесетін алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қамтиды. 
Бұл ересектердің алдын ала жоспарланған немесе баланың бастамасымен болатын
ойындар мен әртүрлі шаралар кезінде балалармен өзара әрекеттесуін қамтиды: қарым-
қатынас және модельдеу тілі, көрсету, түсіндіру, идеяларды зерделеу, қолдап-қолпаштау, 
сауалнама, пікір, іске асырылған әрекеттерді сипаттау, тапсырманы жеңілдету және 
міндеттерді белгілеу.
 


Оқытудың ажырамас құрамдас бөлігі – педагогтердің балалардың не білетінін, 
түсінетінін, істей алатынын қалай бағалайтыны, сондай-ақ олардың оқуға 
қызығушылығы мен оқып-үйрену қабілеттерін қалай ескеретіндігі (
тиімді оқытудың 
сипаттамасы
) және бұл ақпаратты балаларды оқыту мен олардың үлгерімін бақылау 
барысындағы келесі қадамдарды жоспарлауда тиімді пайдалануы. 
Тиімді оқыту және оқу
Тиімділік сипаты педагогтің оқытуы барысындағы кешенді міндеттер мен әр алуан 
жағдайлар тұрғысынан қарастырылғанда, нақты сипаттамалық анықтама беру үшін 
жеткіліксіз категория болып табылады. Оқыту сапасы да аса күрделі феномен болып 
табылады, сондықтан оның мазмұны мен өлшеу тәсілдері туралы әлі күнге бірыңғай 
пікір қалыптаспаған. Педагогтің тиімді оқытуын қалай айқындауға болатыны жөніндегі 
пікірталастар барысында келесі критерийлер қарастырылуда: педагогтің жетістіктері 
(оның біліктілігі және т.б.), оқыту үдерісі (оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдері және т.б.), 
оқыту нәтижелері (оқушының білім алуына, оның жетістіктеріне оң ықпалы және т.б.) 
немесе осы факторлардың барлығының жиынтығы. 
Ол ересектердің алдын ала жоспарланған немесе балалардың бастамасымен 
болатын өзара әрекеттестікті қамтиды:
- қарым-қатынас және модельдеу тілі; 
- көрсету;
- түсіндіру; 
- идеяларды зерделеу, қолдау көрсету, марапаттау; 
- сауалнама;
- пікір;
- іске асырылған әрекеттерді сипаттау
- тапсырманы жеңілдету және міндеттерді белгілеу.
 
Оқыту құрал-жабдықтарды және физикалық ортаға назар аударуды, сондай-ақ 
күннің тәртібінің құрылымы мен рәсімдерін, күтілетін нәтижелерін қамтиды. 
Оқытудың ажырамас құрамдас бөлігі – педагогтердің балалар не білетінін, 
түсінетінін, істей алатынын қалай бағалайтыны, сондай-ақ олардың оқуға 
қызығушылығы мен мен оқып-үйрену қабілеттерін қалай ескеретіндігі (
тиімді 
оқытудың сипаттамасы
) және бұл ақпаратты балаларды оқыту мен олардың үлгерімін 
бақылау барысындағы келесі қадамдарды жоспарлауда тиімді пайдалануы». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет