Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет26/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

C.
 
Жарыс орнату 
Кішкентай балалардың барлығы дерлік жарысуды, бәсекелестікті жақсы көреді! 
Әсіресе, егер ол бәсекелестік батылдықты білдіру сияқты болса, тіпті жақсы («Сенің 
шамаң келмейді, мен бәс тігуге дайынмын!»), Конкурс («Кім оны... ең жақсы деп 
ойлайды?») немесе ойын («Кім жасап және ... көргісі келеді!»). Лайт (Light, 2017) 
оқудағы жарыс (бәсекелестік) күрделі болуы керек, 
бірақ тым күрделі емес
деп атап 
көрсетеді. Бұл педагогтер жекелеген топтар немесе балалар тобы үшін күні бойы сәйкес 
жарыстар жоспарлау үшін, өз балаларының күшті жақтарын да, сондай-ақ әлсіз тұстарын 
да білуі керек екендігін білдіреді. Осы жарыстарды жеңілдетудің практикалық 
тәсілдеріне төмендегілер кіреді: 

Сұрақтар
: балалар басқаларды да, өздерін де ойландыратын сұрақтар қоятындай 
және жауап беретіндей жағдайлар жасаңыз, мысалы, Не...? Неге…? Қалай…?

Жаңа мақсаттар
: балалардың «көбірек жасауға» ұмтылысын қолдаңыз, мысалы, 
велосипедті тезірек айдауына, ұлғайтқыш әйнек арқылы мұқият сурет салуына, биігірек 
мұнара құрастыруына, алысырақ секіруіне, өз бетімен ұзағырақ ойнауына немесе 
бөлшектер саны көбірек жұмбақ-суреттер құрастыруына ынталандырып, қолдау 
көрсетіңіз.

Талқылау
: балаларды ойлануға, талқылауға, ойластыруға және елестетуге 
ынталандыратын мақсатты бағытталған пікірталастарға тартыңыз, мысалы: «Мынау 
қалай...?», «... болғанда, жақсы болды ма?» және «Егер..., не болар еді?». 

Міндеттер мен ресурстар
: балалардың деңгейін арттыратын және олардың 
білімін, дағдылары мен түсініктерін қалыптастыратын әртүрлі міндеттер мен ресурстар 
беріңіз, мысалы, үш түс бола тұра, алты гүлі бар сурет салуды ұсыныңыз (түстерді 
араластыру керек пе?) немесе желім пайдаланбастан, әртүрлі материалдардан ойыншық 
қонжыққа үй жасау. 

Тікелей байланыс
: бала ойын дамытуға көмектесу үшін, 
тікелей байланысты

идеяларды және ойынды пайдаланыңыз, мысалы: «Сен ... қосу туралы ойладың ба?», 
«Егер сен фотосуретіңе өз атыңды жазып қойсаң, керемет болар еді» немесе «Келесі 
жолы ... туралы ойлан». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет