қойылған мақсатқа жетуге ықпал ететін әдістер мен құралдарды, оңтайлы
жолдарды таңдау;
жоспарланған кезеңнің соңында қол жеткізілуі тиіс
жұмыс нәтижелерін нақты
білу;
жоспарлау барысында педагогтердің өз жұмысының деңгейін объективті
бағалауы.
ПЕДАГОГТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ТҰРҒЫДАН ДАМУЫ
«Құндылықтар адам мінез-құлқының ең маңызды қасиеті деп саналады.
Әркім
оларды шешім қабылдауда мінез-құлық моделі ретінде басшылыққа ала алады. Сонымен
қатар адам өмірінің барысында және оның тәжірибесінің артуына қарай құндылықтар да
жоғарылап, өзгеріп отырады»
(Әл-Ани, 2014).
Қоғамдағы кез келген оқиғаның белгілі бір маңызы бар, кез келген құбылыс
белгілі бір рөл атқарады.
Алайда тек жағымды маңызы бар, әлеуметтік прогреске
байланысты оқиғалар мен құбылыстар ғана құндылықтарға жатады. Басқа құбылыстар
сияқты олар да синтагматикалық сипатқа ие, яғни тарихи қалыптасып, педагогика
ғылымында ерекше бейнелер мен ұғымдар түріндегі қоғамдық
сана формасы ретінде
тиянақталады. Педагогикалық әрекет барысында педагогикалық құндылықтарды
меңгеру жүзеге асып, сол арқылы құндылықтардың субъективтеніп,
тұлғалық
құндылыққа айналуы жүзеге асады. Осы педагогикалық құндылықтардың субъективтену
деңгейі педагогтің кәсіби-тұлғалық дамуының көрсеткіші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: