Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет57/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
Портфолионы бағалау 
Портфолиоға қойылатын минималды талаптар төменде жазылған. Дегенмен 
бағаланатын деректер тұрғысынан, болмаса өздерінің терең білімі мен кәсіби дамуын 
дәлелдейтін құжат ретінде педагогтер портфолио мазмұнына қосымша материал қоса 
алады. Педагогтер ұсынған қосымша материалдар әріптестерімен және топ 
тренерлерімен пікірталас жүргізуге көмектеседі.
Екінші «Бетпе-бет» кезеңінде педагогтер бағалауға дайындау үшін өз 
портфолиосының жекелеген деректерін іріктеп, пысықтайды. Топ тренері портфолионың 
мазмұны, құрылымы бойынша, сондай-ақ портфолионы қорытынды бағалауға арналған 
деректерді әзірлеуде өз тобының педагогтеріне кеңес беріп, қолдау көрсете отырып, 
тыңдаушыларға барынша көмек беретін болады.
Портфолионың бағалануы:
1.
Перспективалық жоспар және циклограмма (250 сөзден тұратын 
түсініктемесімен қоса). 
- бағдарламаның түйінді идеяларын ескере отырып, перспективалық жоспарға 
қалай және неге өзгерістер енгізілді; 
-циклограмма бойынша жоспарланып, ұйымдастырылған оқу қызметіне оқыту 
мен тәрбиелеудегі жаңа формалар, әдістер мен тәсілдер қалай енгізіледі? 


2. «Танымдық оқиға» (кем дегенде 350 сөз) (250 сөзден тұратын түсініктемесімен 
қоса). 
- «Танымдық оқиға» балалардың танымдық іс-әрекетін қалай белсендіреді. 
3. Тәрбие мен оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу және ол өзгерістерді басқару 
туралы рефлексиялық есеп (500-750 сөз):
 
- ұйымдастырылған оқу қызметіне педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойын, 
құрылымдалған ойын және еркін ойын енгізуді негіздеу; 
- ұйымдастырылған оқу қызметіне ойындарды енгізу тиімділігін талдау және 
бағалау; 
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойындарды енгізу және пайдалану бойынша 
қорытындылар. 
4. «Тәрбие мен оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу және ол өзгерістерді басқару 
туралы рефлексия» таныстырылымы. 
- ұйымдастырылған оқу қызметіне педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойын, 
құрылымдалған ойын және еркін ойын енгізуді негіздеу; 
- ұйымдастырылған оқу қызметіне ойындарды енгізу тиімділігін талдау және 
бағалау; 
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойындарды енгізу және пайдалану бойынша 
қорытындылар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет