Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


ӨМІРДІҢ ҚИЫН ЖАҒДАЙЫНДА ДАҒДАРЫСТЫҚ КӨМЕК



Pdf көрінісі
бет115/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

ӨМІРДІҢ ҚИЫН ЖАҒДАЙЫНДА ДАҒДАРЫСТЫҚ КӨМЕК 
Балаларға қатыгездікпен қарау 
Атрибуция (кінәліні анықтау, болған оқиға үшін жауапкершілікті мойындату), 
деструктивті және агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Эмоционалдық реакциялар мен аффект ақиқатты бұрмалап когнитивтік процестерге әсер етуі 
мүмкін. Қатал қарым-қатынас бала өмірінің әр түрлі аспектілеріне: денсаулығына, дамуына, 
өзін-өзі бағалауына, қарым-қатынасына, әлеуметтік бейімделуіне зиянды әсер етеді. 
Жақындары көрсеткен зорлық-зомбылықтың тән және жан саулығына тікелей тигізер 
зиянынан басқа, баланың қоршаған ортамен, болашақта өз балаларымен қарым-қатынас 
құруына айтарлықтай әсер етеді. Осылайша туындайтын зорлық-зомбылық циклі әртүрлі 
деңгейлерде: бала мен ата-ана арасындағы өзекті қатынастарда да, ұрпақтар арасындағы 
қатынастарында да өз көрінісін табады. 
Зорлық-зомбылыққа балаға қатысты өрескел және айқын жарақаттайтын күш қана 
емес, жаза мен әсер етудің әдеттегі "дәстүрлі" түрлері де жатады. Балаға қатал қарау 
неғұрлым ерте анықталса, бала мен оның отбасына көрсетілетін көмек те шығыны аз әрі 
тиімді болмақ.
Сондықтан, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оны шарасыздан отбасынан 
айыруға дейін жеткізбей, отбасы өмірінің түрлі кезеңдерінде және әр түрлі формада қатыгез 
қарым-қатынасты анықтай білу, баланың өзіне, оның ата-аналарына көмек көрсетк өте 
маңызды. 
Тұрақтылық пен отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына 
ұшырататын қоғам мәселелері: өмір сүру қаражатынан айырылуына, қоңыс аударуына, 
тұрақты баспананың жоқтығына, балалар ұжымдарында әлеуметтік теңсіздіктің 
шиеленісуіне әкеліп басқа да эмоционалды мәселелерді тудырды. 
Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік әрекеттер, өзіне-өзі қол жұмсау, 
аяқталған суицидтер саны артты. 
Жасөспірімдер мәдениетіне тән мінез-құлықтың қауіпті топтық түрлері: фанатизм мен 
агрессия, қатыгездік, табынушылық еліктеу салдарынан топтық суицидтік мінез-құлық пайда 
болды. Жасөспірімдер ортасында есірткінің кеңінен етек жайып, компьютерлендірумен 
байланысты тәуелділіктің жаңа түрлері тарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет