Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет118/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Жыныстық зорлық-зомбылық. 
Жыныстық зорлық-зомбылық – бұл толық 
түсінбейтін,
саналы келісім бере алмайтын, отбасылық рөлдерге (қоғамдық) табуды бұзатын
 
тәуелді, жетілмеген балалар мен жасөспірімдерді жыныстық белсенділікке тарту.
Бұл - кең 
ауқымды анықтама. Ол отбасылық және отбасылық емес зорлық-зомбылық түрлерін және 
жыныстық белсенділіктің барлық түрлерін қамтиды (мысалы, жалаңаштау, ауызша, анальды 
және жыныстық мүшелерінің жыныстық қатынастары, балалар порнографиясы, әдепсіз 
әрекеттерді көрсету, жыныстық рәсімдер) (И.А.Алексеева, И.Г.Новосельский). 
Американдық зерттеушілер 16 жасқа дейінгі бала (жеке деректер бойынша — 18 
жасқа дейін) мен кем дегенде 5 жас үлкен адам арасындағы кез келген жыныстық тәжірибені 
балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық (child sexual abuse — CSA)
ретінде 
анықтайды. 
Зорлық-зомбылықтың бұл түрі "тәуелді, психикалық және физиологиялық жетілмеген 
балалар мен жасөспірімдерді отбасылық рөлдердің қоғамдық табуын бұзатын, олар әлі толық 
түсіне алмайтын және саналы түрде келісім бере алмайтын жыныстық әрекеттерге тарту 
ретінде"сипатталады. Мұндай әрекеттер зорлықпен, ал кей жағдайда күш қолданбай-ақ 
жасалуы мүмкін. 
Алайда, балаға қатысты және мәнін түсінбейтін (әдетте, 9-11 жасқа дейін) баланың 
келісімімен жасалған барлық жыныстық әрекеттер кең мағынада зорлық-зомбылық, яғни 
қылмыс деп есептеледі. 
Сондықтан бұл жағдайларды "жыныстық қиянат" және "жыныстық зорлық-
зомбылық" тең мағыналы терминдер ретінде пайдаланылуы тиіс.
Балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасаудың барлық жағдайларында 
зорлаушылардың 75–90% құрбан болған балаларға таныс, тек 10-25% - да ғана зорлық-
зомбылықты бейтаныс адамдар жасайды. 
Зорлаушылар 35-45% жағдайында жақын, ал 30-45% астам оқиғада алыс туыс болып 
табылады (Бютнер К.). 
Жақын, қан туыстары арасындағы жыныстық байланыс инцест (қан араласуы) деп 
аталады, ал ата-анасы , не әкесе,не анасы баланы сексуалдық объект ретінде қарау-эбьюз деп 
аталады. 
Инцест пен эбьюз отбасындағы сексуалдық зорлық-зомбылық пен балаларға аса қатал 
қарау формаларының салдары бойынша ең ауыр деп жіктеледі. Мұндай жыныстық қиянат 
тек қылмыс қана емес, сондай-ақ отбасы фукциясындағы ауыр және қайтымсыз 
бұзушылықтардың дәлелі болып табылады (Л.С.Алексеева, 2016).


85 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет