102
қарсы күресте белсенділікті дамытуға бағытталған жеткілікті күштерді босатады.
Күшті дағдарыс күйі бір-екі айға созылуы мүмкін. Осы кезеңде зорлық-зомбылық
құрбандары әсіресе психотерапиялық көмекке мұқтаж болады. Топтық нысандарда бұл
қолдау – кейінгі кезеңдерде қажет.
Үшінші кезеңде шығармашылық өзін-өзі көрсету терапиясы, ертегі терапиясы, рольдік
ойындар, транзакциялық талдау және топтық психотерапия қолданылады.
Балалар мен жасөспірімдерді топтық психоемдеу –
байланыс орнатылып, жәбірленуші
оған қызығушылық тудыратын тақырыптар туралы сөйлесуге болатын жағдайларда
көрсетіледі. Бұл аффективті күшті симптомдар жойылған кезде «сенім телефоны» немесе
жеке психотерапиядан кейін пайда болуы мүмкін.
Әдетте бұл топ ұқсас проблемалары бар жасөспірімдерден құралады. Дәл осындай топта
олар түсінетін әрі қарапайым болады, өзін өз ортасында сезінеді, өз күйзелістері туралы айта
алады, басқалардың тәжірибесін естиді, айыптаудан қорықпай жаңа мінезді қалыптастыруға
тырысады. Топта бейімделу, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылаудың жаңа жолдары
дамыталады, жаңа қатынастар пайда болады. Топ психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді
және өзін-өзі бағалаудың өзгеруіне серпін беріп, өзіне деген сенімін арттырады.
Топ тұрақты әсер етуші, ашық немесе жабық болуы мүмкін. Құрамы бойынша ол:
•
психодинамикалық топ, оның мақсаты – қолдау мен сенімділік атмосферасын
қалыптастыру, жасөспірімдерді зорлықтың құрбаны ететін өз проблемаларын түсіну және
жауап беру; зорлық-зомбылық жағдайында өзін ұстаудың жаңа жолдарын қалыптастыру;
зұлымдыққа қарсы тұру; өзін-өзі бағалау мен шығармашылық потенциалды көтеру;
• ересектермен және құрдастармен қарым-қатынаста рольдік жағдайларды қолдануға, өз
рольін (жәбірленушінің) өзгерутуге болатынын түсінуге бағытталған рольдік тренинг тобы;
• конструктивті қарым-қатынас жасауға, өмірлік жағдайларды шешудің әріптестік
жолдарына, әртүрлі жағдайларда әлеуметтік және психологиялық бейімделу жолдарын
қалыптастыруға бағытталған байланыс тренингтерінің тобы;
• дене қысқыштарын алып тастауға және дене арқылы
жарақаттық тәжірибеге жауап
беру мақсатына ие денеге бағытталған терапия тобы;
• шығармашылық арқылы ішкі потенциалды ашуға және жарақаттану тәжірибесіне
жауап беруге бағытталған шығармашылық түрде өзін-өзі көрсету (сурет салу, сомдау, би)
терапиясының тобы;
• балалар өздерінің күрделі мәселелерін шеше алатын және аффективті күйлерді жеңе
алатын ойын психотерапия топтары.
Кейбір әдістердің элементтерін қосу немесе психотерапиялық жұмыста бір стратегияны
қолдану арқылы топтық жұмысты әртүрлі жақтарының түрлі комбинациясы болады.
Психотерапияның маңызды нәтижесі – баланың өз бетінше өмір сүру қабілеті және ықтимал
зорлық-зомбылық жағдайларында белсенді түрде әрекет ету.
Егер жақын орта зорлық-зомбылықтың көзі болып табылатын болса, онда отбасылық
психотерапия дағдарыстық жағдайды жеңуде отбасына көмектесу кезінде немесе отбасылық
қарым-қатынастарды түзету кезінде көрсетіледі. Отбасы көмекшісінің рольін атқаратын
психолог өзінің бұл жағдайға араласу жауапкершілігінің дәрежесін білуі тиіс және агрессия
шабылуына, деструктивтіліктің стереотиптері бұзылуына дайын болу керек. Тәрбиелеуге
қатысатын отбасының барлық мүшелері психотерапиядан өтеді.
Психотерапия процесінде
отбасы мүшелерінің жеке мәселелері және отбасылық білім беру проблемалары шешілуі
керек.
Отбасылық психотерапияның мақсаты балаға әсер ететін зорлық-зомбылық әдістерін
тануға және өзара әрекеттесудің басқа, анағұрлым сындарлы жолдарын қалыптастыруға
көмектесу. Ата-аналарды бала қандай болмыста болмасын сол күйінде солай жақсы көруге
үйрету керек. Кез-келген жағдайда отбасылық терапия баланың қатысуымен іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: