Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет143/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Қақтығыстардың жіктелуі 
Қақтығыстарды жіктеу мен типологияның мынадай базалық негіздерін атап өтуге болады: 

қақтығысдасатын тараптардың немесе қақтығыстарға қатысушылардың құрамы мен 
саны бойынша (тұлғааралық қақтығыстар, тұлғааралық, тұлғалық-топтық, топаралық, 
ұжымаралық, мемлекетаралық, партияаралық, ұлтаралық және т. б.) 

проблемалық-іс-әрекет белгілері бойынша (басқарушылық қақтығыстар, отбасылық, 
педагогикалық, саяси, экономикалық, шығармашылық және т. б.); 

қақтығыстардың өту уақыты бойынша (жедел және созылмалы қақтығыстар; өтпелі 
және ұзақ мерзімді және т. б.); 

қақтығыстарды мазмұны бойынша (мазмұнды немесе проблемалық және 
"коммуналдық" немесе мазмұнсыз); 

қайта құрулар мен вариативтілік үрдісі бойынша (сындарлы және сыңаржақ немесе 
сындарлы емес қақтығыстар); 

қарама-қайшылықтардың өткірлігі бойынша (наразылық, алшақтық, қарсы әрекет, 
қақтығыс, дұшпан, соғыс және т. б.); 

қақтығыстардың қарқындылық дәрежесі бойынша (негізгі және негізгі емес, шынайы 
және шынайы емес емес және т.б.). 
Аталған жіктемелердің әрқайсысының шеңберінде қақтығыстардың типтері 
нақтыланады және қақтығыстардың түрлері анықталады. 
Қақтығыстарды жіктеу үшін таралған негіз олардың өту ұзақтығы мен шиеленісуінің 
дәрежесі болуы мүмкін: 

Қысқа мерзімді өткір қақтығыстар үлкен эмоционалды бояумен, қақтығысушылардың 
жағымсыз қарым-қатынасының шектен тыс көріністерімен ерекшеленеді. Кейде ауыр немесе 
тіпті қайғылы нәтижелермен аяқталады. Мұндай қақтығыстардың негізінде көбінесе тереңдік 
емес, қайшылықтардың өткірлігі, тұлғаның мінез-құлқы мен темпераменті ерекшеліктерінің 
көрінісі жатыр. 

Қақтығыстың келесі түрі ұзақ өткір сипатқа ие. Мұндай қақтығыстар тараптардың 
шиеленістері өзара тұрақты, терең болады, олар өз эмоцияларын бақылауда ұстай алады, 
тіпті кейбір әрекеттерін қасақана жасайтын кездерімен ерекшеленеді.

Көрініске әлсіз, "енжар" қақтығыстар өткір емес сипаттағы қайшылықтарда 
байқалады, көбінесе белсенді тараптардың бірі ғана болады; екіншісі өз позициясын табуға 
ұмтылмайды, ашық конфронтациядан қашады (И. С. Бубнова, А. Н. Арганова). 


108 
Кесте - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет