107
ұштастырады. Отбасы мүшелеріне олардың одан әрі қарым-қатынастарын жоспарлауға және
олардың практикалық мәселелерін шешуге, сондай-ақ, егер мұндай қажеттілік болса, қол
жеткізілген уағдаластықтарды заңдық ресімдеуге көмек көрсетіледі.
Медиацияның басты мақсаты медиативтік рәсімге қатысушылардың перспективаға,
басымдықтарға және мүдделерге назар аударуының арқасында даулы мәселелерді шешу
болып табылады. Осы тәсіл шеңберінде олар қабылдайтын шешімдер үшін тараптардың
дербес жауапкершілігіне басты мән беріледі. Бұл тәсілдің философиясы медиаторлардың
емес, қатысушылардың өздері даудың мәнін толық түсінеді және өз билігінде дұрыс шешім
қабылдау бойынша оңтайлы мүмкіндіктері бар (Д. С. Кулапов) (Е. В. Гребенкин)
Сонымен, қазіргі психологияда қақтығыстың бірқатар негізгі элементтері бар: қақтығыс
тараптары (қатысушылар, субъектілер); қақтығыстың өту шарттары; қақтығыс жағдайының
бейнелері; қақтығысқа қатысушылардың ықтимал әрекеттері.
Қақтығыс бір тарап екіншісінің талабы өзінікімен үйлеспейді деп шешкен сәттен
басталады. Бұл қабылданатын үйлеспеушілігі бар баламалардың бірінші және екінші
тараптың талап-тілектерін қандай дәрежеде қанағаттандыра алатынына байланысты. Егер
бар баламалар екі тараптың талаптарымен үйлесімді болса, қақтығыс таралмайды.
Достарыңызбен бөлісу: