Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
Эмоциялар мен әлеуметтену Туылғаннан 12 жасқа дейінгі кезеңде баланың эмоциялық және әлеуметтік дамуы үшін
оның басқаларға және өзіне деген сенімі, сезімі және басқа адамдарды қабылдауы қажет.
Эмоциялардың қарқынды дамуы 0-1,5 жас кезеңінде байқалады, ол ата-анасына бауыр басу
сезімінің қалыптасуымен қатар жүреді.
Толық қалыптасқан тұлғаның табыстылығы эмоциялық қабылдаудың дұрыстығына
байланысты. Жастайынан алған тәрбие оптимистік көңіл-күй, белсенді өмірлік ұстанымын,
тілектестік және бақытты бола білу негіздерін қалайды.
Тұлғаның әлеуметтік және эмоциялық қалыптасуы үшін ата-ананың қолдау көрсетуі өте
маңызды. Әлеуметтік даму дегеніміз адам баласының өзін-өзі танып, қоғамның басқа
мүшелерімен өзара әрекеттесу білу білігі. Олардың қалыптасуы бірнеше сатыға бөлінуі
мүмкін. Мысалы, екі жасар бала ойыншықтарымен қалай және неге бөлісу керектігін
түсінбейді. Ал үш жасар бүлдіршінде бұл әлеуметтік дағды жақсы дамыған.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде бірқатар қорытындылар жасауға болады. Бала
миының қалыптасу кезеңінде күнделікті тәжірибенің күшін, тұқым қуалаушылықты,
рационның толықтылығын, сондай-ақ дене белсенділігі мен ата-аналар тарапынан
сезімталдық көріністерін жете басты назарға алу қажет. Баланың миы сезу, көру, иіс сезу,
есту және дәм тату көмегімен жинақталатын тәжірибесіз дамуға бейім болмайды. Аталған
сезімдер толыққанды байланыстарды құруға ықпал етеді. Ертеде алған әсерлер мидың жүйке
тізбектерін біріктіру арқылы оқыту процесіне ықпал етеді. Үлгілер бойынша жиналған
схемалар жаңа туған нәрестеге анасын сезінуге, әкесінің дауысын немесе сүйікті ойыншықты
тануға және т.б. көмектеседі. Қоршаған шынайы өмірден алынған үлгілер кейіннен
жетілдірілуі және шыңдалуы тиіс. Осының арқасында мидың жеке жасушаларының
арасындағы байланыс нығаяды (Бала миының дамуы ...).