Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет37/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009


Зертханалық жұмыс №5


Топырақтағы жалпы агрегаттарды анықтау


Сабақтың мақсаты: Топырақтың жалпы агрегаттар санын, оның суға төзімділігін анықтау.
Сабақтың әдісі: демонстрациялық, зертханалық.
Сабақтың құрал-жабдықтары: топырақ, диаметрлері әр түрлі елеуіштер, техникалық таразы, фарфор кесесі, әйнек немесе каучук пластинка.
Сабақтың барысы: Яғни ұнтақталмаған және елеуіштен өткізілмеген үлгілерден топырақтың жаңа үлгілерінен де жасауға болады, ол үшін оны «піскен» жағдайына дейін кептіреді. Ірі кесектерін қолмен ептеп сындырады. Егер үлгіде түсім қалдықтары, тамырлар, малта тастар, қой тастар және басқа кірмелер кездессе, оны пинцетпен ептеп алып тастайды.Жалпы агрегаттар санын, оның суға төзімділігін анықтамай аныктаған кезде, топырақты құрғақ күйінде диаметрлері әртүрлі елеуіштен өткізеді. Негізінен оны 7 елеуіштен, яғни диаметрлері 10, 5, 3, 2, 1, 0,5 және 0,25 тұрады. Бұл жағдайда топырақ массасы түйіртпектік бөлшектері бойынша 8 фракцияға бөлінеді: 1). Ірі 10мм, 2). 10-5 мм; 3). 5-3мм; 4). 3-2 мм, 5). 2-1мм; 6). 1-0,5 мм; 7) 0,5-0,25 мм; 8). <0,25мм.
Құрғақ елеу үшін техникалық таразыда салмағы 0,5 кг кем емес топырақ үлгісін алып, оны жоғарыдағы елеуіштерден біріктірген коллона жасап, шашылып кетпеу үшін астына табан, үстіне қақпағын жабады. Топырақ үлгілерін 100-200г алып, үстіңгі елеуішке салып біртіндеп елейді. Әрбір топырақ порция үлгілерін елеп болғаннан кейін, елеуіш коллонасын жеке-жеке ашып, әрбір елеуішті қолмен ептеп ұрып, ондағы топырақтарды фарфор кесесіне немесе қорапқа салады. Барлық топырақ үлгісін елеуіштен өткізіп болғаннан соң әрбір елеуіштегі топырақтардың фарфор немесе қораптағы үлгілерін техникалық таразыда өлшеп түйіртпектік бөлшектердің пайызын ауалы-құрғақ топырақ салмағымен байланысты есептеп шығарады. Егер талдауға жаңа топырақ алынса, оның ылғалдығын анықтап, соған сәйкес ылғалдықтың түзетуін кіргізу керек. Алынған түйіртпектік бөлшектердің фракцияларын суға төзімді агрегаттарды есептегенде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет