Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет39/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
Зертханалық жұмыс №6


Тақырыбы: Топырақтағы микроагрегаттар құрамын Н.А.Качинский тәсілі бойынша анықтау

Сабақтың мақсаты: Микроагрегаттар мен гранулометриялық құрам талдауларын бір-бірімен салыстыру арқылы топырақтың дисперстік деңгейін, микротүйірлердің беріктігін анықтауға болады.


Сабақтың әдісі: Топырақтың су физикалық қасиеттеріне микротүйіртпектілігі.
Сабақтың құрал-жабдықтары: топырақ, аналитикалық таразы, жарты метрлік шыны ыдыс, дистилденген су, бутилсілкілеуіш, бір метрлік цилиндр, кальциметр.
Топырақтың су физикалық қасиеттеріне микротүйіртпектілікпен бірге мөлшері 0,25-0,01мм суға төзімді, кеуекті микротүйірлер де өз әсерін тигізеді. Міне, сондықтан топырақтын түйіртпектілік жағдайын жақсы білу үшін 0,25 мм аз агрегаттар мөлшерін анықтауымыз керек.
Сабақтың барысы. Аналитикалық таразыда ұшы резеңкелі пестикпен ұнтақталып, тесіктері l мм елеуіштен өткізілген салмағы 10-30 г келетін ауалы-құрғақ топырақты өлшеп алады (балшықтар мен ауыр құмбалшықтар үшін - 10 г, орташа құмбалшықтар үшін жеңіл құмбалшықтарға -20, құмайттарға -25, ал құмдарға -30г). Топырақты аузы кең жарты метрлік шыны ыдысқа (бутылға) салып,оған 250 мл дистилденген су құйып, оны 1 тәулікке қалдырады.Уақыт өткеннен кейін бутилдің аузын жауып, сілкілеуішке көлденең бағытта салып (минутына 200 шайқау) екі сағат бойы шайқайды. Одан кейін бутил ішіндегі топырақты 0,25мм елеуіш арқылы бір метрлік цилиндрге құяды. Елеуіште қалған агрегатты сумен шайып, одан кейін алдын ала өлшенген кесеге салады. Артық суын төгіп тастап, сулы моншаға құрғатып, температурасы 105◦С оны тұрақты салмаққа дейін кетпіреді.
Цилиндрдегі суспензияны дистилденген сумен 1л жеткізедіде одан гранулометриялық құрамды анықтайтын тәсіл бойынша сынақ алады. Құрғақ топырақ салмағына байланысты пайызын есептеу сол гранулометриялық талдау тәсілімен жүргізіледі.
Топырақтың дисперстік факторы. Майда фракциялардың, әсіресе тұнбалар шығымы, 0,001мм микроагрегаттық талдауды химиясыз өңдеу арқылы орындаған кезде оны гранулометриялық талдаудың мағлұматтарымен салыстырғанда, әрқашанда аз болады. Микроагрегаттық тұнбаның гранулометриялық тұнбаға қатынасы Н.А.Качинский бойынша судағы шашырандылық деңгейін немесе дисперсиялық факторды көрстеді (К).
К=а/в*100%

Мұнда: а- микро агрегаттық талдаудағы тұнба көрстекіші (%); в гранулометриялық талдаудағы тұнба көрсеткіші (%).


Дисперсиялық коэффициент (К) көрсеткіш жоғары болған сайын топырақтың шаңдалғанын және оның физикалық қасиеттерінің нашарлығын көрсетеді. қара топырақтың дисперсиялық факторы 10%, қара-қоңыр топырақтардың - 10-20%, бағананы кебірлердің көрсеткіші 60-80% жетуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет