ІІІ. Біріктіруші (интеграциялық) мүшелер жүйелері –– организм мүшелер жүйелерінің біртұтастығын қамтамасыз ететін мүшелер жүйелері құрайды. Оларға: 1) тамырлар жүйесі (қан айналым, лимфа айналым, қантүзу мүшелері), 2) эндокринді бездер (организмнің ішкі сұйық ортасына гормондар бөледі), 3) жүйке жүйесі және сезім мүшелері жатады.
Жануарлар организмі құрылысының жалпы принципі мен даму заңдылықтары:
1. Тарихи даму заңы – филогенез (грек. phylon – туыс, genesis – шығу тегі) – ұзақ тарихи даму, онтогенез (грек. ontos – заты, мәні; genesis – шығу тегі) – жеке даму тарихы.
2. Негізгі биогенетикалық заң - әр бір организм өзінің онтогенезінде филогенезінің негізгі даму сатыларын қысқа түрде қайталап өтеді.
3. Организмнің біртұтастығы туралы заң – жүйке жүйесі организмдегі морфологиялық және қызметтік біртұтастықты қамтамасыз етеді.
4. Организм мен қоршаған ортаның біртұтастығы туралы заң – бейімделу, адаптация (біртұтастықты жүйке жүйесі іс жүзіне асырады).
5. Пішін (құрылым) мен қызмет (функция) біртұтастығы.
6. Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңы – тірі организмге тән және бір-біріне қарама-қарсы қасиеттер.
7. Орын мен материальды үнемдеузаңы – тіршілікке тым қажет мүшелерінің құрылысы үнемді, мөлшері шағын болып келеді (ми, жұлын, жүрек, бүйрек, бауыр т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |