Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет219/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Сабақтың мақсаты: Азық қорыту жүйесінің ортаңғы бөлімінің құрылысы. Әр жануарларда аш ішек бөлімдерінің құрылыс ерекшеліктерімен танысу. Гистологиялық препараттарды қарап, безді қарын мен алдыңғы қарынның бөлімдерін бір-бірінен айыра білу. Безді қарынның без жасушаларын микроскопиялық және субмикроскопиялық деңгейде ажырату.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Микроскоп, гистопрепараттар
2.Түрлі –түсті кестелер, атластар
3. Үй жануарлары өңештері мен қарындары, олардың тілімдері, муляждар
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
№ 1 препарат. Ащы ішек.
Ащы ішектің гистологиялық суретін салып, мына атауларды белгілеңіздер:
1. Кілегейлі қабық: бір қабатты призма тәрізді бүрлі эпителий, құтыша бір торшалы без, өзіндік тақташа, ішек бүрлері,жалпы ішектік бездер (кірмелер), етті тақтащша.
2. Кілегейлі асты негіз
3. Етті қабық: сақинаша қабат, ұзынша қабат.
4.Сірлі қабық.
№ 2 препарат. Безді қарын.
Препаратты кіші обьективпен қарап, кілегейлі қабықтың біркелкі боялған жерлерін табыңыздар да, қарын бездері жақсы көрінетін жерлерін қойыңыздар. Қарынның қабырғасындағы үш түрлі қабықты бір-бірінен ажыратыңыздар. Без өзектерінің қарын шұңқырларына ашылған жерлеріне көңіл бөліңіздер. Қарынның үш қабығын, бездерін қамти отырып, оның суретін салыңыздар.Суретте мынадай атауларды белгілеңіздер:
1.Кілегейлі қабық: бір қабатты призма тәрізді безді эпителий, қарын шұңқырлары, өзіндік пластинка, қарын түбінің өзіндік бездері: мукоциттер, негізгі жасушалар, париетальды жасушалар, етті қабат, кілегейлі асты қабат.
2. Етті қабық: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабат.
3.Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.
№ 3 препарат. Мес қарын.
Суретте мына атауларды белгілеңіздер: 1. Кілегейлі қабық: көп қабатты мүйізделетін жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, бүрлер, етті қабат, кілегейлі асты негіз. 2. Етті қабық: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттар. 3. Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.
№ 1 препарат. Қойдың жұмыршақ қарны. Жұмыршақтың гистологиялық құрылысы суретін салып, мынадай атауларды белгілеңіздер: кілегейлі қабық: көп қабатты мүйізделетін жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, етті қабат, кілегейлі асты қабаты, етті қабық: сақинаша және ұзынша қабаттар, сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.
№ 2 препарат. Бұзаудың қатпаршақ қарны. Суретте мына атауларды белгілеңіздер: 1. Кілегейлі қабық: көп қабатты жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, жапырақшалар, етті қабат, кілегейлі асты қабаты. 2. Етті қабық: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттар. 3. Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.
№ 3 препарат. Ұлтабар. Ағзаның кілегейлі қабығының суретін салып, оның қабаттары мен безінің құрылысын белгілеңіздер: кілегейлі қабық, оның құрамында: қарын шұңқырлары, бір қабатты призма тәрізді эпителий, өзіндік пластинка, ұлтабардың - фундальды бездері, мукоциттер, негізгі гландулоциттер, париетальды гландулоциттер, аралық дәнекер ұлпасы, қан тамырлары, бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы пластинкасы, кілегейлі асты қабаты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет