Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет221/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Сабақтың мақсаты: Азық қорыту жүйесінің соңғы бөлімінің құрылысы. Әр жануарларда тоқ ішек бөлімдерінің құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Түрлі –түсті кестелер, атластар
2. Үй жануарлары тоқ ішектері, олардың түрлері, муляждар
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
Жуан ішек (толстая кишка) — intestinum crassum — азық қорыту аппаратының артқы бөлімі. Ол бүйеннен, тоқ ішектен және артқы тесік ануспен аяқталатын, тік ішектен тұрады. Бұл ішектерде аш ішектен келген азықодан әрі қорытылып, қоректік заттар, су және тұздар сіңіріледі. Ал қорытылмаған азық қалдығынан нәжіс қалыптасып, сыртқа шығарылады. Кейбір жануарлар жуан ішектерінің қабырғаларында етті қабықтың ұзынша қабатынан түзілген ет таспалары мен олардың аралықтарында қалташалар болады.
Бүйен (слепая кишка) — intestinum caecum — жуан ішектің тұйық қалта тәрізді басталатын бөлігі. Барлық жануарларда ащы ішектің соңғы бөлігі мықын ішек бүйен мен тоқ ішектің шекарасына барып ашылып, жуан ішектің аталған екі бөлігінің шекарасы қызметін атқарады. Тек, жылқы малында ғана мықын ішек тікелей бүйенге ашылады.
Ерекшеліктері. Жылқы бүйенінің пішіні үтір тәріздес, көлемі үлкен, қабырғасында төрт қатар ұзын ет таспалары (taenia) және олардың аралықтарында төрт қатарда орналасқан қалташалар (haustra) болады. Жуан келген бүйеннің негізі (basis сесі) жамбас қуысында жатады, ал оның ұзын бүйен денесі (corpus сесі) құрсақ қуысының оң жағында бауырға дейін созылады. Жіңішкерген бүйен төбесі (apex сесі) сол жаққа қарай иіліп, семсерше өсінді аумағына қарай бағытталған. Бүйенде үлкен және кіші иіндер болады.
Сиырда бүйен тегіс қабырғалы, пішіні ұзынша келген, ұзындығы 30-70 см. Ол құрсақ куысының оң бүйірлік аумағының жоғарғы жағында орналасады. Оның артқы ұшы жамбас қуысында, ал алдыңғы шекарасы бел аумағының орта тұсына дейін созылады.
Қой мен ешкі бүйенінің құрылысы мен орналасу орындары сиырға ұқсас.
Шошқа бүйені қысқа, пішіні конус тәрізді болып келеді. Бүйеннің қабырғасында үш қатар ет таспалары мен қалташалары болады. Бүйеннің алдыңғы жағы оң бүйректің артқы бетімен жанасады, ал төбесі каудальды және оң жаққа қарай бағытталған.
Ит бүйенінің ұзындығы 20 см. Қысқа шажырқайға ілінген бүйен денесінде 2-3 иілім болады. Ол құрсақ қуысының оң бүйірлік аумағында, бел омыртқалардың орта тұсында орналасады.
Тоқ ішек (ободочная кишка) — intestinum colon — жуан ішектің ортаңғы бөлігі. Оның пішіні мен көлемі жануарлардың қөректену сипатына байланысты. Итте ол қысқа, шошқада орташа, шөппен қоректенетін жануарларда ұзын болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет