Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»


– сұрақ. Мүше ретіндегі бұлшықеттің құрылысы



бет39/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

2 – сұрақ. Мүше ретіндегі бұлшықеттің құрылысы. Бұлшықеттер құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады, яғни екі бөліктен: паренхимадан және стромадан тұрады. Мүше паренхимасын (мүшенің негізгі қызметін атқаратын жұмысшы бөлігі) көлденең жолақты бұлшықет талшықтары (миосимпласттар), ал оның стромасын (ет талшықтарын бір-бірімен өзара біріктіріп, біртұтас мүшеге айналдырады. Строма арқылы бұлшықетті қоректендіретін қан мен лимфа тамырлары және бұлшықет талшықтарының қызметін реттейтін жүйкелер өтеді) - борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Бұлшықеттің сыртқы жұқа дәнекер ұлпалық қабығын эпимизий, бұлшықетті құрайтын ет талшықтарының шоғырларын бір-бірінен бөліп, оларды өзара біріктіріп тұратын дәнекер ұлпалық аралықты перимизий, ал шоғырлардың ет талшықтарын бір-бірімен өзара байланыстырып тұратын тым жұқа дәнекер ұлпалық аралықты эндомизий деп атайды. Осы аталған дәнекер ұлпалық аралықтар (эпимизий, перимизий, эндомизий) бірігіп, бұлшықеттің дәнекер ұлпалық қаңқасын (стромасын) түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет