Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет42/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Пішініне байланысты бұлшықеттер: жалпақ, дөңгелек, ұзын, қалың бұлшықеттер болып бөлінеді. Жалпақ бұлшықеттер – негізінен жануарлар денесінің тұлға бөлігінде, ұзын және қалың бұлшықеттер - аяқтарда, дөңгелек бұлшықеттер – сыртқы ортамен қатысатын дененің табиғи тесіктерінің қабырғаларында (қысқыш бұлшықеттер) орналасады. Бұлшық еттердің аталуы – олардың басталатын бастарының (екібасты, үшбасты, төртбасты бұлшықеттер) санына, орналасу орындарына (төс, қабыртқааралық т.б.), пішіндеріне (үшбұрышты, ромб, трапеция тәрізді, тісше, көпбөлімді бұлшықеттер) байланысты болады.
Қызметіне байланысты бұлшықеттер: динамикалық және статикалық бұлшықеттер болып бөлінеді. Динамикалық бұлшықеттер жануарлардың кеңістіктегі қозғалысын қамтамасыз етеді. Бұлар құрылысы жағынан қарапайым бұлшықеттер, күшті жиырылып,үлкен жұмыс атқарады, бірақ, тез шаршайды. Статикалық бұлшықеттер – жануарлар денесінің кеңістіктегі тепе-теңдігін сақтауға немесе денені белгілі-бір жағдайда бекітіп ұстап тұруға қатысады. Бұлар құрылысы жағынан негізінен қауырсынды бұлшықеттер, баяу және ұзақ жиырылып, көп уақытқа дейін шаршай қоймайды. Қаңқа бұлшықеттерінің ішінде динамикалық және статикалық таза бұлшықеттер сирек кездеседі, олардың көбі негізінен аралас бұлшықеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет