Бұлшықеттердің көмекші мүшелері – бұлшықеттердің белгілі дәрежеде жиырылып, өзінің қызметін тиісті деңгейде атқаруына көмектесетін мүшелер. Бұларға қаңқа сүйектері мен шеміршектері, тиекше сүйектер мен сүйек шығырлары, беткей және терең шандырлар, синовиялы және кілегейлі қапшықтар, бұлшықеттер сіңірлерінің қынаптары жатады.
4 – сұрақ. Қаңқа бұлшықеттері: біліктік қаңқа бұлшықеттері және аяқтар бұлшықеттері болып екі топқа бөлінеді. Біліктік қаңқа бұлшықеттері: бас бұлшықеттері (бет бұлшықеттері, шайнау бұлшықеттері), тұлға бұлшықеттері (алдыңғы аяқты тұлға мен бас аумақтарына бекітетін бұлшықеттер, омыртқа бағанының бұлшықеттері, көкірек керегесінің бұлшықеттері, құрсақ қабырғасының бұлшықеттері) және құйрық бұлшықеттері (дорсальды бұлшықеттер, вентральды бұлшықеттер) болып үш топқа бөлінеді. Аяқ бұлшықеттері: алдыңғы аяқ және артқы аяқ бұлшықеттері болып бөлінеді. Алдыңғы аяқ бұлшықеттері: иық буынының бұлшықеттері, шынтақ буынының бұлшықеттері, тізе буынының бұлшықеттері, бақай буынының бұлшықеттері, ал артқы аяқ бұлшықеттері: жамбас-ортан жілік буынының бұлшықеттері, тобық буынының бұлшықеттері, тілерсек буынының бұлшықеттері, бақай буынының бұлшықеттері болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |