Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет47/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Дәрістің мазмұны:
1-сұрақ. Тері жабыны немесе жалпы жабын (integumentum commune) – жануарлар организмін сыртынан қаптап, организмнің ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп, онымен тікелей жанасатын мүшелер жүйесі. Жалпы жабын – теріден және тері қабаттарынан дамитын терінің туынды мүшелерінен тұрады.
. Тері жабыны мүшелерінің құрылысы жануарлардың тіршілік ортасына және ондағы тіршілік жағдайларына байланысты (құрлықта, суда тіршілік ететін, ұшуға бейімделген құстардың тері жабындары өздеріне тән ерекшеліктерімен сипатталады) болады.
. Тері жабыны – организмнің сыртқы қабығы ретінде, жануарлар денесі мен қоршаған орта арасындағы шекарада орналасып, олардың арасында үздіксіз жүретін зат алмасуды қамтамасыз етеді.
. Тері жабыны – сезімтал жүйе. Теріде көптеген сезімтал жүйке ұштары мен белсенді нүктелер жоғары деңгейде жетілген. Сондықтан ол жылу, суық, сипап сезу, механикалық ауырту сияқты тітіркенстерді қабылдап, организмді сыртқы ортамен байланыстыратын әмбебаб сезім мүшесінің қызметін атқарады.
. Тері жабыны - денені механикалық, физикалық, химиялық зақымданудан сақтайды. Терінің сыртқы бетінің қалыпты жағдайдағы Ph – реакциясы 3,2 – 5,5 тең. Бұл қышқылдық орта ауру тудыратын микроорганизмдердің өсіп-өнуіне қолайсыз. Қалыпты жағдайда тері жабыны арқылы денеге микроорганизмдер мен басқа да қатерлі бөгде заттар өте алмайды.
. Тері жабыны организмдегі судың қалыптан тыс мөлшерде буланып кетуіне жол бермейді. Оның қан тамырлары дене қызуын реттеуге қатысады.
. Тері жабыны – бөлу мүшесінің қызметін атқарады. Май бездері тері эпидермисі мен тері түктерін майлап тұратын тері майын бөледі. Тер бездері – құрамында протеиндік және азоттық алмасудың ыдырау өнімдері болатын тер бөледі. Организмнен термен бірге: денедегі артық су, зат алмасудың басқа да аралық өнімдері, улы заттар, артық тұздар, дәрі-дәрмектер және т.б. заттар шығады.
. Тері жабыны – түзуші жүйе. Оның сыртқы бетінде мүйізді зат – кератин (мүйізді зат эпидермоциттерден голокринді жолмен) түзіледі. Терінің шел қабатында қуат қоры – май ұлпасы түзіліп жиналады.
. Тері жабыны – тыныс алуға (1 – 2 %), эндокриндік реттеуге (теріде 70 жақын гормондардың болатындығы анықталған), иммундыбиологиялық қорғанысқа (эпидермистің қылтанақты қабаты эпидермоциттерінің 2 – 7 % иммундық дендроциттер – Лангерганс жасушалары) қатысады.
. Тері жабыны – мал дәрігерлік жұмыстарды іс жүзіне асыруға ат салысатын жүйе. Теріге түрлі реакциялар қою арқылы ауруларды анықтайды, әр түрлі ауруларды емдеу және алдын алу жұмыстарын теріге егу арқылы жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет