Дерма (derma) немесе нағыз тері қабаты (corium) – терінің ең қалың қабаты (98 – 99 %). Дерма өз кезегінде әр түрлі ұлпалардан құралған екі қабаттан: сыртқы - емізікше қабаттан, ішкі - торлы қабаттан тұрады.
Емізікше қабат (stratum papillare) – эпидермиспен іргелес жатқан борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат. Бұл қабат эпидермистің ішіне қарай еніп, пішіні емізікшеге ұқсаған құрылымдар түзеді. Емізікше қабатта эпидермисті және тері түктері мен бездерін қоректендіретін майда қан және лимфа тамырларының өрімдері көп болады. Сондықтан, бұл қабаттықоректендіргіш қабат деп атайды. Жүнді, түбітті көп беретін қой, ешкі тұқымдары терілерінде емізікше қабат жақсы жетілген. Демек, бұл қабат терінің құрылымдық процесіне белсенді қатысады. Емізікше қабат айқын шекарасыз дерманың торлы қабатымен жалғасып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |