Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет48/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

2 – сұрақ. Тері (cutis) – құрылысы жағынан қабатты мүшеге жатады. Ол үш қабаттан: теріүсті қабатынан (эпидермистен), нағызтері қабатынан (дермадан) және теріасты қабатынан (шел қабатынан) тұрады.
Эпидермис (epidermis) – терінің ең жұқа беткей теріүсті қабаты. Бұл қабат терінің жалпы қалыңдығының 1 - 2 % құрайды. Эпидермисті көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий ұлпасы құрайды. Эпидермистің қалыңдығы мен құрылыс ерекшеліктері – жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына, жыл маусымдарына, тері түктерінің түрлері мен табиғатына байланысты болып келеді. Эпидермисте қан тамырлары болмайды, сондықтан, ол дерма қабатының эпидермистің астында іргелес жатқан емізікше қабатындағы қан тамырлары қабырғалары арқылы борпылдақ ұласына сүзіле шыққан ұлпа сұйығымен қоректенеді. Сезімтал жүйке ұштарына бай. Түксіз тері (мұрын,ерін қаңсарлары) эпидермисінде бір-бірінен анық ажырап көрінетін 5 эпидермоциттер қабаты болады. Олар төменнен жоғары қарай: 1. Негіздік (базальды) қабат (өсу қабаты), 2. Қылтанақты қабат (өсу қабаты, иммундық дендроциттер), 3. Дәншелі қабат (кератиноциттер цитоплазмасында кератогиалин дәншелері болады), 4. Жылтырауық қабат (тонофибриллалар мен кератогиалин дәншелерінен сәуле сындырғыш жұмсақ мүйіз элеидин түзіледі), 5. Мүйізді қабат – ең қалың қабат (кератиноциттер қатты мүйіз кератинді қабыршақтарға айналады).
Мүйізді қабаттың қызметін тоқтатқан мүйізді қабыршақтары төменгі қабаттардағы қабыршақтармен байланысын үзіп, қайызғақтанып түсіп отырады. Қайызғақтармен бірге әр түрлі лас бөгде заттар, микроорганизмдер мен паразит құрттар (тоғышарлар) да эпидермистен тазаланып отырады. Терінің осылай өздігінен тазаланып отыратын қызметін элиминативтік қызмет деп атайды. Қайызғақтардың орнын төменгі базальды қабаттағы митоз арқылы үздіксіз көбейіп отыратын эпидермоциттер басады.
Түкті тері эпидермисі түксіз тері эпидермасына қарағанда жұқа болып келеді және өз кезегінде үш эпидермоциттер қабатынан (базальды қабат, дәншелі қабат, мүйізді қабат) тұрады. Дененің түрлі аймақтарындағы тері эпидермисінің қалыңдығы бірдей болмайды. Оның қалыңдығы тері түктерінің жиілігіне, жануарлардың түрлеріне, олардың тіршілік жағдайларына, жыл маусымдарына байланысты болып келеді. Мысалы, тері түктері сирек терінің эпидермисі салыстырмалы қалың, ал керісінше, тері түктері жиі терінің эпидермисі жұқа болып келеді. Терінің тұрақты түрде үйкелісте болатын аймақтарында эпидермистің жоғарғы қабаты қосымша мүйізденіп, қалың мүйізді қабат пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет