3 – сұрақ. Ішкі құрылысына байланысты бұлшықеттер: қарапайым бұлшықеттер және қауырсынды бұлшықеттер болып екі топқа бөлінеді. Қарпайым бұлшықеттердің ет талшықтары бұлшықеттің ұзын білігіне пареллельді орналасады. Бұлардың анатомиялық көлденеңі (бұлшықет білігіне көлденең жүргізілген жазықтық) мен физиологиялық көлденеңінің (бұлшықет талшықтары бағыттарына көлденең жүргізілген жазықтық) ұзындығы шамалас болады, тым күшті жиырылып, көп жұмыс атқарады, бірақ, тез шаршайды. Қарапайым бұлшықеттерге аяқтардың бұлшықеттері жатады. Қауырсынды бұлшықеттердің ет талшықтары бұлшықеттің ұзын білігіне қиғаш орналасады, сіңірлі арқаулар бұлшықеттің ішіне қарай әр түрлі бағытта еніп жатады. Қиғаш орналасатын бұлшықет талшықтары сіңірлі арқаулар бағыттарына сәйкес: бір бағытта, екі бағытта немесе көп бағытта жатады. Осыған байланысты қауырсынды бұлшықеттер: бірқауырсынды бұлшықеттер, қосқауырсынды бұлшықеттер және көпқауырсынды бұлшықеттер болып бөлінеді. Қауырсынды бұлшықеттердің анатомиялық көлденеңі, олардың физиологиялық көлденеңіне қарағанда қысқа болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |