Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»


Тақырыбы: Бауыр мен ұйқы безінің анатомиясы Сабақтың мақсаты



бет224/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Тақырыбы: Бауыр мен ұйқы безінің анатомиясы
Сабақтың мақсаты: Бауыр мен ұйқы безінің анатомиялық құрылысымен танысу. Әр жануарларда бауыр мен ұйқы безін анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін ажырату.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Түрлі –түсті кестелер, атластар
2. Үй жануарлары бауыры, ұйқы безі, муляждар
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
Бауыр құрсақ қуысында, көкеттің артқы бетінде орналасқан. Оның алдыңғы бетін диафрагмальды бет (facies diaphragmatica), артқы бетін висцеральды бет (facies viceralis) — деп атайды. Дорсальды жиегі (margo dorsalis) доғал, вентральды жиегі (margo ventralis) жұқа да қырлы болып келеді. Бауырдың оң және сол жиектері (margo dexter et sinister) болады. Доғал жиегінде өңеш батыңқысы (impressio oesophagea) мен артқы куыс венаның өтетін орны көрінеді. Вентральды қырлы жиегіндегі бөлікаралық ойықтар (incisura interlobularis) бауырды оң бөлікке (lobus hepatis dexter), сол бөлікке (lobus hepatis sinister) және олардың аралығындағы аралық бөліктерге бөледі. Бауырдың висцеральды бетінде жылқы, түйе және бүғыдан басқа жануарларда өт қабы (vesica fellae) мен одан шығатын өт қабының өзегі (ductus cysticus) орналасады. Аралық бөлікті сол бөліктен жұмыр байлам (іштөлінің бұрынғы кіндік венасы) — ligamentum teres, ал оң бөліктен өт қабы бөліп тұрады. Бауырды диафрагмамен байланыстыратын жұмыр байламның жалғасы орақша байлам, одан әрі қысқа көлденең немесе тәждік байламға (ligamentum coronarium) ауысады. Бұл байлам оз кезегінде екіге ажырап, оң және сол үшбұрышты байламдарға (ligamentum triangulare dextrum et sinistrum) жалғасады. Аралық бөліктің өзі қақпалық вена (v. portae) бауырға енетін бауыр қақпасы (porta hepatis) тұсынан: жоғарғы қүйрықты бөлікке (lobus caudatus) және төменгі шаршы (квадратты) бөлікке — lobus quadratus — бөлінеді. Құйрықты бөлік деп аталу себебі, бұл бөлікте көп жануарларда құйрық өсіндісі (processus caudatus hepatis) болады. Сөйтіп, бауырда төрт: оң, сол, шаршы және құйрықты бөліктер ажыратылады. Аталған бөліктер күйіс қайтаратын жануарларға тән. Жылқыда оң бөлік қосымша ойық арқылы латеральды және медиальды бөліктерге (lobus dexter lateralis et medialis), ал шошқа мен итте оң бөлікпен қатар сол бөліқ те екіге: латеральды және медиальды бөліктерге — lobus dexter et sinister lateralis et medialis — бөлінеді. Кейбір жануарлар бауырларында бүйрек батыңқысы (impressio renalis) жақсы көрінеді.
Ұйқы безі (поджелудочная железа) — pancreas — қосарынан қызмет атқаратын, құрылысы мен қызметі әр түрлі екі: экзокринді және эндокринді бөліктерден құралған аралас без. Сыртқы секреция безі ретінде ол құрамында ас қорыту ферменттері (белоктарды, көмірсуларды, майды қорытатын) мол ұйқы безі сөлін бөліп, он екі елі ішек куысына шығарады. Ал ішкі секреция безінің қызметін ұйқы безі аралшықтарының жасушалары (инсулоциттері) атқарады. Ұйқы безінің паренхимасы энтодермадан, стромасы мезенхимадан дамиды. Ұйқы безі құрылысы жағынан құрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады.
Ұйқы безі — паренхималы мүше. Ол он екі елі ішек шажырқайының екі сірлі жапырағының аралығында орналасады. Ұйқы безі оң, сол және орталық бөліктерден тұрады. Ұйқы безінің өзегі (ductus pancreaticus) он екі елі ішекке ашылады. Бұдан басқа, оның ішекке дербес ашылатын ұйқы безінің қосымша өзегі де (ductus pancreaticus accessorius) болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет