Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет16/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22
диплом слайд, 98897, Документ, Документ, phpmlfWcr broshyura-form-ocen, стикери, АлпысбайӘсел тарих рб2 (копия), Документ (2), 1 сынып Әлеуметтік паспорт дұрыс, 1 сынып Әлеуметтік паспорт дұрыс
Реттелу процесі. Жануарлар организмі құрылымдық бөліктерінің (жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, мүшелер жүйелерінің) бір-біріне ықпалы – денедегі реттелу процесі арқылы іс жүзіне асады: 1. Жасушалар деңгейіндегі реттелу – жасушалық метаболизм мен жасушааралық алмасу арқылы; 2. Ұлпа, мүше және организм деңгейіндегі реттелу – организмде жүйке жүйесі мен эндокринді бездердің қатысуымен іс жүзіне асады.
Даму – жануарлар онтогенезіндегі біртұтас процесс. Бұл процесс екі түрлі құбылыстан тұрады: өсу және айырмашылық.
1. Өсудаму процесінің сандық көрсеткіші. Өсу кезінде организмнің массасы ұлғаяды, мөлшері үлкейеді, яғни организмнің құрылымдық бөліктері (жасушалары, ұлпалары, мүшелері) өзгерістерінің сандық жағынан ұлғаюы.
2. Айырмашылық (дифференцияция) – дамудың сапалық көрсеткіші. Айырмашылықтар - даму процесі кезінде организмнің құрылымдық бөліктері (жасушалары, ұлпалары, мүшелері) құрылыстарындағы пайда болатын өзгерістер. Аталған құрылымдар құрылысындағы айырмашылықтардың пайда болуы, олардың белгілі-бір қызметті атқаруға мамандануына тікелей байланысты, яғни олардағы морфологиялық айырмашылықтар - қызметтік және биохимиялық айырмашылықтардың пайда болуымен байланысты және олардың ықпалымен іс жүзіне асады.
Организм жасушаларының мамандану процесі жаңадан пайда болған ұрықтың бірнеше бластомерлік сатыларында-ақ жүреді.. Мамандану процесіне байланысты пайда болған құрылымдық айырмашылықтар нәтижесінде дене жасушаларының, ұлпаларының мүшелерінің тек өздеріне тән құрылысы мен қызметі қалыптасады.
Өсу процесі барлық жануарлар түрлерінде бірдей жүрмейді. Жылықанды жануарларда өсу процесі (егеуқұйрықтан басқаларында) шектеулі, ал салқынқанды жануарларда - өсу шектеусіз жүреді, яғни олар өмір бойы өседі (мысалы, балықтар). Айырмашылықтары жетілген организмде өсу жылдамдығы кемиді, яғни жетілу мен өсу – бір-біріне кері пропорциональды: ең үлкен өсу жылдамдығы жаңадан пайда болған ұрықта, іштөлінде одан аз, ал туғаннан соң өсу тым аз мөлшерде жүреді. Морфологиялық және физиологиялық жағынан жетілген организм өсуін тоқтады.
Организмнің өсу жылдамдығы мен өсу мерзімі аралығында кері байланыстылық байқалады: өсу жылдамдылығы жедел жүрген сайын, оның өсу мерзімі қысқарады.
Сүтқоректі жануарлар организмінің дене мөлшері мен оның өсу жылдамдығы және өсу мерзімі арасында да байланыстылық болады. Дене мөлшері майда жануарлар қарқынды өседі, бірақ өсу мерзімі қысқа, керісінше, ірі жануарлардың өсу мерзімі ұзақ, бірақ өсу қарқыны нашар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет