Қолданылатын көрнекі-иллюстрациялық және басқа материалдар
Студенттердің тақырыпты қосымша өздігінен меңгеруіне қажетті әдебиет көздері
1
2
3
4
5
1
Анатомияға кіріспе. Анатомия туралы түсінік және оның биологиялық ғылымдар арасындағы алатын орны. Анатомия, – жануарлар дене құрылысы мен пішіні туралы ғылым. Анатомия пәнінің мақсаты мен маңызы. Анатомияның бағыттары (жүйелік, тұқым, жас, пластикалық, топографиялық). Басқа биологиялық және клиникалық пәндермен байланысы. Анатомияның дамуының қысқаша тарихы. Сүйектер жүйесінің анатомиясы. Тірі организм туралы түсінік. Организмнің биологиялық қасиеттері. Сүйектер жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Сүйектер жүйесі құрылымының заңдылықтары. Мүше ретінде алынған сүйектің құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері. Жануарлардың қимыл белсенділігі деңгейінің сүйектердің ішкі құрылысына әсері.
Үй жануарларының қаңқасы. Біліктік және шеткі қаңқа құрылысының заңдылықтары. Сүйектердің редукциялануы. Үй жануарларындағы қаңқа бөлімдерінің коррелятивті байланыстары.
Сүйектер байланысы. Сүйектер байланысының жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы, тұтаса байланыстың түрлері. Буын мен байламдардың қалыптасуындағы қимыл қозғалыстың мәні. Біліктік және шеткі қаңқа сүйектерінің байланыс ерекшеліктері. Сүйектер байланысының жас ерекшеліктері.
Бұлшық ет жүйесінің морфологиясы. Бұлшық еттер жүйесінің жалпы сипаттамасы. Мүше ретінде алынған еттің құрылысы. Қаңқа бұлшықеттерінің жіктелуі және ішкі құрылысы. Жануарлардағы сомалық бұлшық еттердің орналасу орны және құрылысындағы заңдылықтар. Еттің көмекші мүшелері. Үй жануарлар қаңқа бұлшықеттерінің коррелятивтік байланысы.
Тері жабыны туралы ілім. Тері жабынының жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Жануарлар түріне және жасына байланысты тері жабынының құрылыс ерекшеліктері.
Ішкі мүшелер туралы ілім. Ішкі мүшелердің жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Түтікшелі және паренхиматозды ішкі мүшелердің құрылысы. Дене қуыстары. Ішкі мүшелердің лимфоидты түзілістері. Сірлі қабықтар және олардың туындылары.
Азық қорыту жүйесінің анатомиясы. Азық қорыту жүйесінің жалпы сипаттамасы. Азық қорыту жүйесі мүшелерінің филогенезі мен онтогенезі. Азық қорыту жүйесінің бас бөлімі мүшелері.
Тыныс алу жүйесінің анатомиясы. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы құрылыс заңдылықтары. Тыныс алу жолдарының морфофункционалды сипаттамасы. Үй жануарлар түріне байланысты құрылыс ерекшеліктері. Көкірек қуысына сипаттама.
Несеп бөлу жүйесінің анатимиясы. Несеп шығару мүшелер жүйесінің анатомиясы. Бүйректің түрлері, құрылысы және қызметі. Жануарлардың түрлері мен жас ерекшеліктеріне байланысты несеп бөлу мүшелерінің құрылысы мен орналасуының ерекшеліктері.
Еркек жануарлар көбею мүшелер жүйесі. Жануарлар көбею мүшелерінің жалпы сипаттамасы. Еркек жануарлар көбею мүшелерінің анатомиялық құрылысы және морфофункциональді сипаттамасы. Жануарлардың түрлеріне, жасына байланысты аталық көбею мүшелерінің құрылысы мен орналасу орнындағы ерекшеліктері.
Ұрғашы жануарлар көбею мүшелер жүйесі. Ұрғашы жануарлар көбею мүшелерінің анатомиялық құрылысы және. Ұрғашы жануарлар түріне және жас ерекшеліктеріне байланысты жыныс мүшелерінің анатомиясы, топографиясы және морфофункциоальдық сипаттамасы.
Жүрек тамырлар жүйесінің анатомиясы. Тамырлар жүйесінің жалпы сипаттамасы. Тамырлар жүйесі мүшелерінің басқа мүшелермен өзара байланысы. Қан, лимфа және олардың құрамы туралы түсінік. Үй жануарлар жүрегінің анатомиясы және топографиясы.
Қан айналым жүйесінің анатомиясы. Ересек жануарлар мен ұрықтағы қан айналым шеңберлерінің ерекшеліктері. Қан тамырларының құрылысы. Қан тамырларының тарамдану заңдылықтары.
Лимфа айналым жүйесінің анатомиясы. Лимфа айналым жүйесінің жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Лимфа түйіндері мен лимфа тамырларының анатомиясы, топографиясы және қызметі
Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы. Жұлын мен мидың морфофункциональді сипаттамасы. Жұлын мен ми қабықтары, кеңістіктері, жұлынның құрылысы, маңызы.
Жүйке жүйесі шеткі бөлімінің анатомиясы. Жүйке жүйесі сомалық бөлімі мүшелерінің анатомиясы. Жүйкенің құрылысы, жұлын жүйкелері, жүйке тораптары, олардың жүйкелері. Ми жүйкелері.
Жүйке жүйесі вегетативті бөлімінің анатомиясы. Жүйке жүйесі вегетативті бөлімінің жалпы сипаттамасы. Вегетативті рефлекторлық доғаның құрылыс ерекшеліктері. Жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің анатомиясы.
Анализаторлар анатомиясы. Анализаторлар туралы түсінік. Анализаторлардың жіктелуі: иіс, дәм және сипап сезу талдағыштары. Интеро-экстеро- және проприорецепторларға жалпы морфо-функциональдық сипаттама.
Көру анализаторының құрылысы, орталықтары. Құрылысына байланысты көз алмасының жіктелуі. Атқаратын қызметіне байланысты көз алмасы құрылымының үш бөлімі, жіктелуі және морфофункциональді сипаттамасы.