13. Тақырыбы: Оқытудағы диагностика және бақылау
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Диагностика, бақылау, бағалау, оқушылардың оқу жетістіктерін есепке алу ұғымдарының мәні.
2. Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері: ынталандыру, дамыту, білімдік, үйретушілік, бақылаушылық, тәрбиелік.
3. Бақылаудың түрлері. Оқу жұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелігін бағалау жүйесі.
4. Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманға формалары. Тесттік және рейтингтік бақылау. Тесттердің типтері.
Дәріс тезисі* Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне тоериялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми - педагогикалық еңбектерінде талданған. Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л. Коган және т.б. теориялық талдау жасаған. Оқушылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі “есепке алу”, “бақылау”, “бағалауды” ұйымдастырудың мәні, олардың оқу–тәрбие прорцесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған. Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің “5” балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамассыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Бекіту сұрақтары:
1. Диагностика, бақылау, бағалау дегеніміз?
2. Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері қандай?
3. Бақылаудың қандай түрлері бар?
4. Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманға сай формалары қандай?
5. Тест құрылымы және рейтинг жүйесі дегеніміз?
Әдебиет:
Әбенбаев С.,Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2009. – 336б
Бабаев с.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы, 2011.-228 с.
Подласый И.П. Педагогика в 2 т.: Учебник для академического бакалавриата.- М.:,2015
Коджаспирова Г.М. Педагогика: учебник.- М.КНОРУС. 2010.-744с.
Мынбаева А.К, Садвакасова З.М. Инновационны методы обучения или как интересно преподавать.- Алматы, 2009 – С.341.
Хуторский А.В. Педогогическая инноватика: Учебное пособие.- М.:, 2010.-254с.
Достарыңызбен бөлісу: |