Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01508 "Математика-Физика" Пән циклы атауы және коды



бет6/21
Дата13.12.2021
өлшемі309,76 Kb.
#126070
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Элдин АСТ МФ каз

Дәріс 12

Тақырыбы: Бөлшектердің инварианттық массасы, төрт өлшемді импульсі мен энергиясы жəне оның құраушылары

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Бөлшектердің инварианттық массасы.

Бөлшектердің төрт өлшемді импульсі.

Бөлшектердің энергиясы жəне оның құраушылары.



Дәріс тезисі:

Классикалық механиканың негізгі заңын (Ньютонның екінші заңы) импульстің өзгеру жылдамдығы мен денеге əсер ететін күшті байланыстыратын теңдеу ретінде жазуға болады.

Импульс пен кинетикалық энергия қозғалысының жылдамдық жəне үдеумен салыстырғанда артықшылықтары бар, өйткені олар үшін сақталу заңдары орындалады. Яғни, реля тивисті қозғалыстағы денелердің қозғалыс заңдарын импульстар мен энергияларды пайдаланып зерттеу көптеген физи калық құбылыстарға түсініктемелер береді. Шын мəнінде, табиғаттың кез келген дəл заңдары Лоренц түрлендірулерімен салыстырғанда инвариантты болуы керек.

Егер импульстің сақталу заңын жəне жылдамдықтарды қосудың релятивисті теоремасын пайдалансақ, функционалдық тəуелділік бір мағыналылықпен анықталады.

Массаның жылдамдыққа тəуелділік формуласынан жылдамдық артса массаның артатындығын, ал жылдамдық вакуумдегі жарық жылдамдығына жақындағанда, массаның шексіз көбейетіндігін көреміз. Яғни, дененің массасы формулаға сəйкес салыстырмалы шама болады. Əртүрлі санақ жүйелерінде дененің жылдамдығы əртүрлі болғандықтан, массалары да əртүрлі шамаларды қабылдайды. Энштейннің формулаларынан энергия мен масса тығыз байланыста жəне бір-біріне пропорционал болғандықтан, оларды жиі масса мен энергияның эквивалентті заңы деп атайды.

Бекіту сұрақтары:

1. Бөлшектердің инварианттық массасы неге тең?

2. Бөлшектердің төрт өлшемді импульсінің формуласын жазыңыз.

3. Бөлшектердің энергиясы жəне оның құраушылары.

Әдебиет:

1.Бижігітов, Т. Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы : Оқулық. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы . - Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. - 448 б.

2.Әбілдаев, Ә.Физика. Электродинамика негіздері : Әдістемелік нұсқау. . - Алматы: "Рауан", 1993. - 96 б.

3. Бейсен, Н. Электродинамика : Оқу құралы. / әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 80 б.

4. Спивак-Лавров И.Ф., Шарипов С.У., Шугаева Т.Ж. Электродинамика и теория относительности. Электродинамика және салыстырмалылық теориясы. Electrodynamics and the theory of relativity. Учебник. Оқулық. Textbook.- Актобе: «А-Полиграфия», 2021, - 456 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет