Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01508 "Математика-Физика" Пән циклы атауы және коды



бет9/21
Дата13.12.2021
өлшемі309,76 Kb.
#126070
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Элдин АСТ МФ каз

Дәріс 15

Тақырыбы: Бөлшектердің серпімді жəне серпімсіз соқтығысулары

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Бөлшектердің серпімді жəне серпімсіз соқтығысулары.

Бөлшектердің ыдырауы, ыдыраудың энергетикалық шарты.

Дәріс тезисі:

Қасиеттері бірдей, бір түзудің бойымен қозғалатын екі бөлшектің соқтығысын Лоренц түрлендіруін жəне импульстің сақталу заңын пайдаланып қарастырайық. Массалар центрімен байланысқан жүйені К/ арқылы белгілейік. Бұл жүйеде соқтығысу симметриялы, яғни бөлшектер бір-біріне бірдей жылдамдықпен жақындайды.



Уақыттың қандай да бір мезетінде бөлшектер соқтығысқан нан кейін қарама-қарсы бағытта бірдей жылдамдықпен қозғалады. Біз масса мен импульстің сақталу заңдары кез келген санақ жүйесінде орындалатынын дəлелдейік. К жүйесі үшін төмендегідей теңдіктерді аламыз.



мұндағы М соқтығысу мезетіндегі толық масса. Жылдамдықтарды қосу формуласынан



өрнектері шығады. Теңдіктерден М массаны шығарып формуласын қолдансақ, мынадай қатынасты аламыз:



Сақталу заңдары барлық санақ жүйесінде орындалуы үшін



тең деп аламыз. Мұндағы m0 бөлшектің меншікті жүйедегі массасы. қатынастан екі бөлшектің соқтығысу мезетіндегі массасы төмендегі теңдікпен есептелетіндігі шығады.


υ жылдамдықпен қозғалатын екі бөлшектің тыныштық массаларының қосындысынан үлкен. Массаның артуы соқтығысу кезінде екі бөлшектің энергияларының көбеюінен туындайды. Өйткені кинетикалық энергияның бір бөлігі қайтадан кинетикалық энергияға өтпейтін серпімді немесе энергияның басқа түріне айналады. Осы мағынада серпімді жəне серпімсіз соқтығысулар арасындағы айырмашылықтар жойылады. Егер бөлшектер соқтығысқаннан кейін жан-жаққа белгілі бір жыл дамдықпен қозғалатын болса, олардың кез келген санақ жүйесіндегі жылдамдықтарын анықтау үшін соқтығысу мезетіндегі энергияның өзгеруін білу қажет.

Бекіту сұрақтары:

1. Қандай параметрлердің байланысы тынышқтық массасын анықтайды?

2. Массаның артуы қалай туындайды?

3. Сақталу заңдары барлық санақ жүйесінде орындалуы үшін...



Әдебиет:

1.Бижігітов, Т. Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы : Оқулық. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы . - Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. - 448 б.

2.Әбілдаев, Ә.Физика. Электродинамика негіздері : Әдістемелік нұсқау. . - Алматы: "Рауан", 1993. - 96 б.

3. Бейсен, Н. Электродинамика : Оқу құралы. / әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 80 б.

4. Спивак-Лавров И.Ф., Шарипов С.У., Шугаева Т.Ж. Электродинамика и теория относительности. Электродинамика және салыстырмалылық теориясы. Electrodynamics and the theory of relativity. Учебник. Оқулық. Textbook.- Актобе: «А-Полиграфия», 2021, - 456 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет