Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01508 "Математика-Физика" Пән циклы атауы және коды



бет8/21
Дата13.12.2021
өлшемі309,76 Kb.
#126070
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Элдин АСТ МФ каз

Дәріс 14

Тақырыбы: Релятивистік физикада өзара əсерлеспейтін бөлшектерді сипаттау ерекшеліктері.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Релятивистік физикада өзара əсерлеспейтін бөлшектерді сипаттау ерекшеліктері. Физикалық өріс, оның энергиясы жəне импульсі туралы ұғымдар.

Энергиялар мен импульстер жəне күштердің төрт өлшемді векторларын түрлендіру.

Байланыс энергиясы. Сақталу заңдары.

Доплер эффектісі.

Дәріс тезисі:

Егер бөлшектер бір-бірімен əсерлеспейтін болса, энергия мына формуламен анықталады.



Мұндағы U - жүйе бөлшектерінің əсерлесу энергиясы, яғни жүйені əсерлеспейтін бөліктерге бөлу үшін жұмсалатын энергия. Жүйе орнықты болуы үшін оның энергиясы минималды (U < 0 ) болуы керек. P = 0 тең болатын санақ жүйесінде əсерлесетін бөлшектердің орнықты жүйесіндегі энергияны жазайық:





шамасын масса дефектісі деп атайды. Осы қатынастың көмегімен атом ядросының байланыс энергиясын анықтайды.

Бөлшектер механикасында кез келген энергияның берілуі импульстің берілуімен байланысты екендігін көрсететін өте маңызды нəтиже алдық. Сондықтан дабыл деп кеңістіктің бір нүктесінен екіншісіне энергия мен импульстің берілуін айтады.



Келтірілген формула Доплер эффектісін сипаттайды. К жүйесіндегі бақылаушы жарық көзінің меншікті ω 0 жиілігіне сəйкес келмейтін ω сəулелену жиілігін белгілейді. Бақыланып отырған ω жиілігі жарық көзімен бақылаушының салыстырмалы жылдамдықтарына жəне бұрышына тəуелді. Егер сəулелену салыстырмалы жылдамдық бағытында қабылданса, онда біз Доплердің қума эффектісін аламыз.

Классикалық механикада көлденең Доплер эффектісі жоқ. Өйткені ол екі оқиғаның араларындағы уақыттың салыс тырмалылығынан туады.

Бекіту сұрақтары:

1. Релятивистік физикада өзара əсерлеспейтін бөлшектерді қалай сипаттайды?

2. Физикалық өріс дегеніміз не?

3. Энергиялар мен импульстер жəне күштердің төрт өлшемді векторларын қалай түрлендіру керек?

Әдебиет:

1.Бижігітов, Т. Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы : Оқулық. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы . - Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. - 448 б.

2.Әбілдаев, Ә.Физика. Электродинамика негіздері : Әдістемелік нұсқау. . - Алматы: "Рауан", 1993. - 96 б.

3. Бейсен, Н. Электродинамика : Оқу құралы. / әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 80 б.

4. Спивак-Лавров И.Ф., Шарипов С.У., Шугаева Т.Ж. Электродинамика и теория относительности. Электродинамика және салыстырмалылық теориясы. Electrodynamics and the theory of relativity. Учебник. Оқулық. Textbook.- Актобе: «А-Полиграфия», 2021, - 456 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет