Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01508 "Математика-Физика" Пән циклы атауы және коды



бет7/21
Дата13.12.2021
өлшемі309,76 Kb.
#126070
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Элдин АСТ МФ каз

Дәріс 13

Тақырыбы: Минковский теңдеуі, күші. Бөлшектің массасы, энергиясы жəне импульсінің араларындағы байланыс

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Минковский теңдеуі, күші.

Бөлшектің массасы, энергиясы жəне импульсінің араларындағы байланыс.

Дәріс тезисі:

Тағы да аналогиялық көзқарасты пайдаланып, төрт өлшемді векторлық түрде динамиканың теңдеуін жазайық.



Енді төрт өлшемді күштің қандай күш екендігіне түсініктеме берейік. теңдеудің сол жақ бөлігінің құраушыларын жазайық.



Егер төрт өлшемді күштің құраушыларына белгілеулер енгізсек, онда бірінші үш құраушысы төмендегі түрде жазылады:



Төрт өлшемді күштің бірінші үш құраушысы мынадай түрді иеленеді деп аламыз:





- үш өлшемді күштің құраушылары. Онда төрт өлшемді қозғалыс теңдеуінің бірінші үшеуінің түрі мынадай болады:


Келтірілген теңдеулерден релятивистік механиканың классикалықтан айырмашылығы импульстер мен энергияларының анықтамаларында екендігін көреміз. Релятивисті қозғалыс теңдеуін талқылау арқылы энергия мен импульстің 4-векторы деп аталатын күш пен импульстің 4-векторларын ашып жазайық.

Жерде жəне жерге жақын орналасқан жерлерде релятивисті жылдамдықпен қозғалатын макроскопиялық денелер жоқ. 1934 жылы жасанды радиоактивтілік ашылғаннан соң, электронның жылдамдығы 0,9 с тең екендігі дəлелденді. Содан бері релятивисті жылдамдықпен қозғалатын элементар бөлшектер ашылып, олардың қасиеттері зерттелді. Тəжірибеден алынған мəліметтер (Вильсон камерасы) бойынша бөлшектердің энергиялары мен импульстерін анықтап, тыныштық массасын есептеуге болады. Инварианттық массаның (тыныштық массасы) классикалық механикадағы массадан айырмашылығы бар. Кейбір физикалық процестерде процеске дейінгі бөлшектердің массасы процестен кейінгі бөлшектердің массаларына тең емес. Яғни, сақталу заңы орындалмайды. Тыныштық массасының сақталмауы (масса туралы классикалық механиканың көзқарасымен) оның бөлшектер дің міндетті қасиетіне жатпайтындығынан шығады. Табиғатта тыныштық массалары нөлге тең бөлшектер кездеседі.

Бекіту сұрақтары:

1. Минковский теңдеуін жазып көрсетіңіз.

2. Инварианттық массаның (тыныштық массасы) классикалық механикадағы массадан айырмашылығы қандай?

3. Релятивистік механиканың классикалықтан айырмашылығы қандай?



Әдебиет:

1.Бижігітов, Т. Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы : Оқулық. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы . - Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. - 448 б.

2.Әбілдаев, Ә.Физика. Электродинамика негіздері : Әдістемелік нұсқау. . - Алматы: "Рауан", 1993. - 96 б.

3. Бейсен, Н. Электродинамика : Оқу құралы. / әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 80 б.

4. Спивак-Лавров И.Ф., Шарипов С.У., Шугаева Т.Ж. Электродинамика и теория относительности. Электродинамика және салыстырмалылық теориясы. Electrodynamics and the theory of relativity. Учебник. Оқулық. Textbook.- Актобе: «А-Полиграфия», 2021, - 456 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет