Лектік функциялар: буферлік, форматталған, форматсыз енгізу-шығару мүмкіншілігін жүзеге асырады.
Буферлік лектердің мәліметтерді уақытша жазу-оқу барысында буферде сақтау мүмкіндігі бар. Дискке тікелей жазу уақыт алады, ал буферлік аймақты пайдалану процесті тездетеді.
Лектік функциялар мәліметтерді символдар легі түрінде қабылдайды.
Лектік файлдар арқылы белгілі бір мөлшердегі және форматтағы символдар блогымен алмасуға болады.
Файлды ашқанда лектік функцияны пайдаланып файлмен FILE типті структура арасында байланыс орнатылады да программа сәйкесінше осы структураға сілтемені алады, ол лек көрсеткіші немесе лек деп аталады.
● Сонымен қатар консоль немесе порт арқылы енгізу-шығару орындалады (мысалы, принтер порты арқылы).
С++ тілінде С тіліндегі стандарт функциялар енгізу-шығаруға қолданылады.
Сонымен қатар С++ тілінде тақырыптық файлында анықталған енгізу-шығару құралдары бар. Лектік енгізу-шығару осы тақырыптық файлдағы кластар арқылы орындалады.
Мына операторлар: >> - енгізу және <<- шығару операторы - кез-келген типті мәліметтермен жұмыс жасауда қолданылады.
С++-те де үш лектік класс қарастырылған:
istream - енгізу құралдары;