Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01509 -математика-Информатика Пән циклы атауы және коды


Р=&C - инструкциясы С ұяшығының адресін Р айнымалысынаа меншіктейді немесе Р айнымалысы С-ға сілтейді деп аталады. * унарлық операторы



бет8/23
Дата08.02.2022
өлшемі150,78 Kb.
#123911
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
ДОТ Силлабус 2МИПКО С Программалау тілі 2021-22 Байбактина (1)
10тәж.Қымбат математика, ДОТ Силлабус 2МИПКО С Программалау тілі 2021-22 Байбактина (1), Силлабус Python 21-22 dot (1), vm 33, ЫТМС МФПКО-1-Баешева К.С.,АхметоваАУ (1), thesis68302
Р=&C - инструкциясы С ұяшығының адресін Р айнымалысынаа меншіктейді немесе Р айнымалысы С-ға сілтейді деп аталады.
* унарлық операторы көрсеткішті сипаттауда қолданылады. Көрсеткіш бұл операторды қолданылғанда осы көрсеткіш сілтейтін объектіні береді.
Бекіту сұрақтары:
Динамикалық жады дегеніміз не?
С++ тіліндегікөрсеткіштерді қолдану несімен ерекшеленеді?
Көрсеткіштерге амалдар қолдануға бола ма?
Амалдар приоритетін білу қаншалықты маңызды?


Әдебиет [ негізгі: 1- 6,9-15, қосымша 3-10 ]

1.12Тақырыбы: СТРУКТУРАЛАР
Сағат саны: 1
Жоспары:

  1. Структура түсінігі

  2. Структуралар мен функциялар

  3. Структуралар массиві

  4. Структураларға көрсеткіштер

  5. Біріктіру (Объединения)

  6. Typedef құралы

  7. Биттік өрістер (Битовые поля)



Дәріс тезисі*
Структура­­­– бір атпен біріктірілген бір немесе бірнеше әр түрлі типті айнымалылар тобы. Структура struct қызметші сөзімен құрылады. Структураның жалпы құрылымы төмендегідей:
struct тег {
тип1 иден1;
тип2 иден2;
… …
типN иденN;
};
мұндағы тег мәліметтердің жаңа типі болып саналады және оны айнымалыны сипаттауда қолдануға болады.
Сипатталған структура негізінде айнымалы құру үшін
struct <тег><айнымалы>
С++ тілінде struct қызметші сөзін көрсетпесе де болады:
<тег><айнымалы>
Айнымалыны структураны құру кезінде де анықтауға болады:
struct тег {
тип1 иден1;
тип2 иден2;
… …
типN иденN;
}<айнымалы>;
Бекіту сұрақтары:
Структуралар не үшін құрылады?
Структуралар элементтері қандай типті бола алады?
Структуралар элементтерін енгізу-шығаруда басқару элементтерінің қойылу реттері андай?
typedef құралы не үшін қолданылады?


Әдебиет [ негізгі: 1- 6,9-22, қосымша 3-10 ]

1.13-1.14 Тақырыбы: Файлдармен мәлімет алмасу
Сағат саны: 2
Жоспары:

  1. Файлдық типті айнымалыларды сипаттау. Файлды қолдану режимдері.

  2. Файлдық енгізу-шығару.

Дәріс тезисі*
Файлмен мәлімет алмасу мақсатында ifstream және ofstream кластарын қолданған тиімді. Ол үшін < fstream. h > тақырыптық файлы ашылуы тиіс.
Мұнда, сәйкесінше, ifstream класының объектісі myof және ostream класының mygf лектері құрылып көрсетілген файлмен байланысады.
Мысалы, Ifstream myof(“prim.in”,ios::in);
Ofstream mygf(“prim.out”,ios::out);

  • Бір объектімен тізбектеп бірнеше лекті байланыстыру қажет болса, онда ол төмендегідей ретпен орындалады:

Ifstream myof;
. . .
myof(“prim.in”);
. . .
myof.close();
myof.open (“prim2.in”);
. . .
myof.close();

  • Файлмен мәлімет алмасу мүмкіндігінің режимін өзгерту – файлдық объектінің сипатындағы екінші аргументін өзгерту арқылы жүзеге асады.

Мысалы, Ofsetream myof ( “prim.in”,ios::app | ios::nocreate); - мұндағы файл бар болса ғана myof объектісі құрылып, байланыс орнатылады, себебі ios::nocreate аргументі берілген, яғни файл болмаса, объект құрылмайтынын білдіреді. Ал, ios::app аргументі файлға шығарылатын мәндер файлдың соңына қосылатынын анықтайды.
Флаг-аргументтер биттік | - «немесе» амалының көмегімен біріктіріліп анықтала алады.
Бекіту сұрақтары:
Файл дегеніміз не?
Файлмен мәлімет алмасу тәсілдерін атаңыз.
Файлдық лекті сәйкестендіруді қалай түсінесіз?
Файл бойынмен жылжу, ағымдық көрсеткішті басқару функциялары қандай?
Әдебиет [ негізгі: 1- 6,9-15, қосымша 3-10 ]

1.15 Тақырыбы: Графика
Сағат саны: 1
Жоспары:

  1. Грфикалық мәліметтерді өңдеу.

  2. Стандартты модулдердегі графиктік құралдар

Дәріс тезисі* Дәрісте программалау барысында графиктік мәліметтерді өңдеу үшін орнатылатын графиктік режимдер, терезелер, геометриялық фигураларды бейнелеу, графика түсі мен фонын анықтау, координаталар жүйесін тану және қолдану, пиксел, бейнепарақтарды басқару, графиктік бейнелер тұрғызу, т.б. мүмкіндіктері – функциялық. Тұрақты мәндері түсіндіріледі.
Бекіту сұрақтары:
Графиктік режимді орнату жолдары қандай?
Координаталар жүйесі қалай таңдалады?
Геометриялық фигураларды салу функцияларын атаңыз?
Әдебиет [ негізгі: 1- 6,9-22, қосымша 3-10 ]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет