Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы


Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу



бет3/4
Дата08.12.2022
өлшемі25,55 Kb.
#161869
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің 2006 жылғы 28 шілдедегі N 415 Бұйрығы (1)


2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу





17. Білім беру ұйымдарын аттестаттау аттестаттауды өткізу кестелеріне сәйкес жүргізіледі.


18. Жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта білім берудің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын, арнаулы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды аттестаттаудан өткізу кестесін келесі күнтізбелік жылға 25 мамырға дейін республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдары) бекітеді және 1 маусымға дейін Комитетке электрондық нұсқасын ұсынады.




19. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін білім беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ кәсіптік орта білімнің білім беру бағдарламаларын және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын іске асыратын ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын келесі күнтізбелік жылда аттестаттаудан өткізу кестесін Комитет ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін бекітеді.




20. Аттестаттаудан өткізу кестесі білім беру ұйымдарына аттестаттаудан өткізгенге дейін үш айдан кешіктірілмей жеткізіледі.




21. Бекітілген кестелерге:



1) білім беру ұйымдарының аттестаттаудың мерзімін кейінге қалдыру қажеттілігі туралы дәлелді қорытынды келтірілген жазбаша өтініштері;



2) жаңа заңды тұлғаларды құрумен байланысты білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру;



3) мемлекеттік аралық бақылаудың нәтижелері негізінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.




22. Аттестаттаудың бекітілген кестелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда білім беру ұйымдары ол туралы аттестаттау басталғанға дейін үш ай мерзімнен кешіктірілмей хабардар етілуі тиіс.




23. Мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттау кестелеріне сәйкес мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей Комитетке, жергілікті атқарушы органдарға мынадай сапалық және сандық сипаттамалар: жалпы сипаттама, кадрлық әлеует, әкімшілік-басқару қызметкерлері, қаржы-экономикалық тұрақтылық, оқу-әдістемелік жұмыс, ғылыми-зерттеу қызметі, оқу процесін ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз ету, тәрбие жұмысы, материалдық-техникалық және әлеуметтік база, білім беру сапасын басқару жүйесі, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу орталығының қызметі, халықаралық ынтымақтастық, білім алушылардың білімін тексеру нәтижесі; лицензияның, тіркеу туралы куәліктің, жарғының көшірмелері бар құжатты ұсынады.



Комитет, жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарды талдауды жүзеге асырады.




24. Аттестаттауды өткізу үшін Комитет, жергілікті атқарушы органдар аттестаттау комиссияларын (бұдан әрі - Комиссия) құрады.




25. Комиссияның құрамы білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізу басталғанға дейін 20 күн бұрын Комитеттің, жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтарымен бекітіледі. 



Комиссияның төрағасы ретінде Комитеттің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тағайындалады.




26. Комиссиялардың құрамына:



1) білім беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері;



2) білім беру ұйымдары қарамағына қарайтын мемлекеттік органдардың өкілдері;



3) білім беру ұйымдарының, ата-аналар қауымының, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.




27. Білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізу мерзімі - кемінде 10 күн. 



Комитет, жергілікті атқарушы органдар аттестаттау комиссияларының дәлелді өтініштерінің негізінде аттестаттау мерзімін 3 күнге дейін ұзартуға құқылы.




28. Комиссия төрағасы Ғылыми кеңестің кеңейтілген кезектен тыс отырысында комиссия мүшелерін таныстырады және олардың арасында білім беру ұйымы қызметінің бағыттарын кешенді зерделеу жөніндегі нақты тапсырмаларды бөледі.




29. Комиссияның жұмысы туралы хабарлау және тиісті жазбаша хабарландырулар дайындау білім беру ұйымының басшысына жүктеледі.




30. Комиссия өзінің жұмысында білім беру ұйымдарының қызметін және білім беру сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.



Комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерін қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді.




31. Комиссия мүшелері Комиссия төрағасына аттестаттау мәселелерін зерделеу барысы туралы ақпарат береді және оған білім беру ұйымы қызметінің көрсеткіштерін жан-жақты талдап, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды нормативтік құқықтық актінің қай нақты нормасы бойынша бұзуға жол берілгеніне сілтеме жасалған анықтама, оларды жою жөніндегі ұсынымдар мен қорытындылар береді.




32. Мектептен тыс білім беру ұйымдарын және жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта және кәсіптік бастауыш білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аттестаттау кезінде бітіруші сыныптарда білім алушылардың білімі мен іскерлігін тексеруді (кешенді тестілеу, бақылау жұмысы, эссе, жобалық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, шығарма) жергілікті атқарушы органдар құрған комиссиялар өткізеді.




33. Кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аттестаттау кезінде Комиссия бітіруші курстардың білім алушыларын білімі мен іскерлігін (кешенді тестілеу, бақылау жұмысы, эссе, жобалық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, шығарма) тексереді.




34. Бекітілген кестелерге сәйкес кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Комитетке немесе жергілікті атқарушы органдарына базалық және бейіндік пәндер циклына кіретін мемлекеттік аттестаттауды жүргізуге дейін білім алушылар оқыған барлық пәндердің тізбесін ұсынады.




35. Білім алушылардың кешенді тестілеуін жүзеге асыру бойынша пәндердің тізбесін аттестаттау басталғанға дейін 20 күн бұрын Комитет немесе жергілікті атқарушы органдар анықтайды.




36. Кешенді тестілеумен қатар білім алушылардың білімдері мен іскерліктерін бақылауды комиссия бақылау жұмыстары нысанында және білім мен іскерлікті бақылаудың басқа да түрлерінде жүзеге асырады.




37. Кешенді тестілеудің рәсімдері және білім алушылардың білімдері мен іскерліктерін бақылаудың басқа да түрлері күндізгі оқу бөлімінің бітіруші курсында жүзеге асырылады.



Күндізгі бөлімнің бітіруші курсында білім алушылар болмаған жағдайда немесе кешкі және сырттай оқу бөлімдерінде оқитын білім алушылардың саны жалпы контингенттің 50%-нан жоғары болғанда, кешенді тестілеу мен бақылау жұмысын білім алудың осы нысандары бойынша білім алушылар да орындайды.




38. Білім алушылар жазбаша бақылау жұмысын орындайтын мамандықтардың тізбесін аттестаттау басталғанға дейін 10 күн бұрын Комитет анықтайды.




39. Комиссия әрбір мамандық бойынша білім мен іскерлікті бақылауды жүргізу үшін»"өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" бағаларға оқитын білім алушылардың пропорциялық қатынасына байланысты саны 50 адам болатын білім алушылар контингентін анықтайды.



Егер, мамандық бойынша білім алушылардың саны 50 адамнан кем болса, онда бақылау жұмысын барлық білім алушылар орындайды.




40. Білім алушылардың білімдері мен іскерліктерін бақылау кешенді тестілеу пәндерінің тізбесіне кіретін бір бейінді пән бойынша орындалады, ол пәнді аттестаттау басталғанға дейін 20 күн бұрын Комитет анықтайды.



Репрезентативтік бақылау жұмысында студент емтихан билетіне кіретін бес сұраққа жазбаша жауап береді. 




41. Жүргізілген бақылау жұмысын тексеруді және төрт баллды жүйемен бағалауды аттестаттау комиссиясының төрағасы бекіткен бірлескен комиссия жүзеге асырады. Бірлескен комиссияның құрамына аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшесі және білім беру ұйымының бір оқытушысы кіреді.



Бес сұрақтың кем дегенде екі сұрағына дұрыс жауап бермесе, онда студентке қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады.




42. Кешенді тестілеу кезіндегі бағалау шкаласы (пайыздық қатынаспен) мынадай тәртіппен анықталады:



"өте жақсы" - 88-100 %;



"жақсы" - 75-87 % ;



"қанағаттандырарлық" - 60-74 %;



"қанағаттанарлықсыз" - емтихан материалдарындағы сұрақтар санының 60 %-нан төмен дұрыс жауап берілгенде қойылады.




43. Мектепке дейінгі ұйымдарда кешенді тестілеу қызметкерлер мен ата-аналарды сауалнамадан өткізумен алмастырылады.



Мектептен тыс және арнайы білім беру ұйымдарында (спорттық, әскери, өнер, психологиялық-медициналық-педагогикалық) білімді бақылаудың басқа түрлері, оның ішінде бақылау жұмысы, тыңдау, байқау, спорттық өлшеулер қолданылуы мүмкін.




44. Кешенді тестілеудің нәтижелерін және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдері мен іскерліктерін бақылаудың басқа да түрлерін талдауды, қызметкерлер мен ата-аналарға сауалнама жүргізуді Комиссия жүзеге асырады.




45. Аттестаттау кезінде бітіруші курста білім алушылар болмаған жағдайда, Комиссия осы мамандық (кәсіп) бойынша білім беру қызметінің лицензия талаптарына сәйкестігін тексереді.




46. Сауалнама және басқа да сұраулар жүргізу кезінде комиссия студенттік, жастар және қоғамдық ұйымдарды тартады.



Сауалнаманың және де басқа да сұраулардың нәтижелері білім беру ұйымының қызметін кешенді бағалауда ескеріледі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет