3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару
47. Комиссияның төрағасы барлық бөлімшелерді тексеру нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік аттестаттаудың қорытындылары туралы Комиссияның тұжырымын (бұдан әрі - Тұжырым) дайындайды. Оған мына бөлімдер кіреді:
1) білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы;
2) кадрлық әлеуетті талдау;
3) әкімшілік-басқару қызметкерлерінің қызметін талдау;
4) қаржы-экономикалық тұрақтылығы;
5) оқу-әдістемелік жұмысы;
6) ғылыми-зерттеу қызметі;
7) оқу процесін ақпараттық және кітапханамен қамтамасыз ету;
8) шығармашылық қызметі (өнер саласындағы білім беру ұйымдары үшін);
9) тәрбие жұмысы;
10) материалдық-техникалық және әлеуметтік база;
11) мамандықтар мен кәсіптерді аттестаттау;
12) білім беру сапасын басқару жүйесі;
13) жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу орталығының қызметі;
14) халықаралық ынтымақтастық;
15) сауалнама нәтижесі;
16) білім алушылардың білімін бағалау нәтижелері;
17) кемшіліктер мен ескертпелер;
18) қорытындылар мен ұсыныстар.
48. Тұжырымға Комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды. Комиссияның қорытындысымен пікірі сәйкес келмейтін Комиссия мүшесі өз ойын жазбаша түрде жазып, тұжырымға қоса тіркейді.
Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлініп, келіспеушілік болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
49. Комиссия төрағасы Ғылыми немесе Педагогикалық кеңесті білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау қорытындылары туралы хабардар етеді.
Тұжырымның екінші данасы білім беру ұйымының басшысына беріледі, берілгені оның қол қоюымен расталады.
50. Тұжырымға мыналар қоса беріледі:
1) білім беру ұйымының негізгі көрсеткіштері;
2) білім беру ұйымының оқу және ғылыми бөлімшелерінің құрылымы;
3) білім беру ұйымының басшылар құрамы туралы мәлімет;
4) мамандықтар мен оқу нысандары бойынша білім алушылардың контингенті туралы мәліметтер;
5) білім беру ұйымының профессор-оқытушы, педагогикалық құрамының сандық және сапалық сипаттамасы;
6) білім беру ұйымы Жарғысының көшірмесі;
7) барлық кестелер және сауалнаманың нәтижелері;
8) кешенді тестілеу мен бақылау жұмыстарының нәтижелері;
9) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
51. Комиссия мынадай дәлелді шешім қабылдауға құқылы:
1) аттестатталсын;
2) аттестатталмасын.
52. Білім беру ұйымы "аттестатталсын" деген шешім егер:
1) білім беру қызметі білім берудің тиісті деңгейінің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының талаптарына және білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына толық сәйкес болса;
2) білім алушыларды кешенді тестілеу, сондай-ақ бақылау жұмысының нәтижелері бойынша бітіруші курстағы білім алушылардың 95%-ы қатысқан жағдайда тестілеуге қатысқандардың 70%-дан артығы оң баға алғанда қабылданады.
53.»"Аттестатталмасын" деген шешім білім беру ұйымы осы нұсқаулықтың 52-бабында көрсетілген аттестаттау шарттарының ең болмағанда біреуін орындамаған жағдайда қабылданады.
54. Комиссияның шешімі ол қабылданғаннан кейін он күннен кешіктірілмей Комитеттің, жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтарымен бекітілуге жатады.
55. Комиссия шешімін атқарушы органдардың қайта қарауына болмайды.
56. Кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын аттестаттау фактісі оған аккредиттеу рәсімінен өту құқығын береді.
57. Біліктілік талаптарының сақталмауына және білім алушылардың білім деңгейінің төмен болуына байланысты кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары аттестатталмаған жағдайда, тиісті мамандықтар бойынша лицензияның қолданысы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатылады.
Кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарының, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының сақталмауына, білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына байланысты аттестатталмау фактісі білім беру ұйымының аттестатталмаған мамандықтары бойынша лицензиясының қайтарып алынуына және қайтарылған лицензияның лицензиарға қайтарылу мезгіліне дейін лицензиясы қолданысының тоқтатыла тұруына негіз болады.
58. Лицензиардың білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияның қолданысын тоқтатқан жағдайда лицензиар тоқтату мерзімі өткен соң аттестаттауды өткізу барысында анықталған кемшіліктерді жою барысын тексеру жөніндегі комиссияны құрады.
Тексеру барысында білім алушылардың аттестаттау кезінде алған оң бағалар пайызы шекті деңгейден төмен болған мамандықтар бойынша бітіруші курстардың білім алушылары қайтадан кешенді тестілеуден өтеді.
59. Кемшіліктерді жоюды тексеруге арналған шығыстар бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
60. Комиссия аттестаттау барысында анықталған кемшіліктерді жоюды тексеру қорытындысы бойынша анықтама дайындайды және онда білім беру ұйымдарының кемшіліктерді жою жөніндегі істеген жұмыстары келтіріледі, тиісті қорытындылар мен ұсыныстар жасалады.
61. Кемшіліктерді жоюды тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдары негізінде Комитет, жергілікті атқарушы органдар тиісті бұйрықтар немесе қаулылар шығарады.
62. Жеке мамандықтардың лицензиясын қайтарып алу туралы бұйрық немесе қаулы шыққаннан кейін білім беру ұйымы келесі семестр басталғанға дейін бұйрықты ескере отырып, лицензиарда лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуі керек.
Білім беру ұйымы бұл талапты орындамаған жағдайда ол білім беру қызметін лицензиясыз атқарып жатқан заңды тұлға ретінде қарастырылады және ол туралы ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға беріледі.
63. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензия барлық мамандықтар бойынша қайтарылып алынған жағдайда, білім беру ұйымдары меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына және мемлекеттік бағыныстылығына тәуелсіз белгіленген тәртіппен таратылуы тиіс.
64. Егер аттестатталған мамандықтардың саны білім беру ұйымдарының түрін белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, құрылтайшылар білім беру ұйымдарының заңды мәртебесін белгіленген талаптарға сәйкестендіреді.
65. Аттестаттау комиссиясының шешімдеріне білім беру ұйымдары заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануларына болады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |