Н.Назарбаев
3-кейс
«Елбасы және «Болашак» бағдарламасы»
Мақсаттары:
- ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметі туралы білім алушылардың білімін кеңейту;
- жастардың қалыптасуы мен дамуындағы Н. Назарбаевтың рөлі жайлы білім алушылардың көзқарастарын қалыптастыру;
- Қазақстан жастарының рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту;
- тұлғалық өсу идеяларын, жобаларын жасау.
Өткізу формасы: «Ток-шоу»
Ток-шоуда, қарастырылып отырған мәселеге байланысты мүдделерді қорғайтын, бірнеше шақырылған қонақтар («Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған) болады, ал қатысушылар тақырып бойынша өз сұрақтарын дайындайды. Әр түрлі көзқарастар ұсынылып, ал сұрақтар әртүрлілігімен ерекшеленгені жөн. Ток-шоуда сұрақтар қою және оларға жауап беру қабілеті өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар, жүргізуші басымдық танытпауы тиіс. Шақырылғандарды іріктеу кезінде қойылған сұрақ немесе мәселе бойынша олардың ұстанымдарының бір біріне ұқсамауы керектігін ескеру қажет, бұл қатысушылардың белсенді болуларына ықпал етеді.
Сабақты өткізу үшін келесі жабдықтар мен материалдар қажет: бейнеролик, презентациялық материал, музыкалық орталық, фондық музыка, таза қағаз парақтары.
Сабаққа дейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған қоғам қайраткерлерін шақыру, қатысушылардың жұмыс топтарын құру қажет. Әр топ «Біздің болашағымыз» топтық жобасы бойынша презентация және шақырылған қонақтарға сұрақтар дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |